Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бежінтау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығыс бөлігіндегі жота. Қазақстан аумағындағы ең биік жері – 4098 м. Ұзындығы 100 км шамасында. Тоқсанбай мен Тышқантау жо

Бежінтау жотасы

  • Басты бет
  • Бежінтау жотасы

Бежінтау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығыс бөлігіндегі жота. Қазақстан аумағындағы ең биік жері – 4098 м. Ұзындығы 100 км шамасында. Тоқсанбай мен Тышқантау жоталарының түйіскен жерінен басталып, шығысқа, Қытай аумағына қарай ұласады.

Бежінтау жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Ұзындығы

100 км

Биіктігі

4098 м

Орналасуы
Елдер

 Қазақстан,  Қытай

Мазмұны

Жер бедері

Жотаның күнгей беткейі тік жарқабақты, қатты тілімденген, солтүстігі кертпештелген баспалдақ пішіндес. Баурайынан үлкенді-кішілі өзендер бастау алады. Ірілері: Көксу, Қорғас, Ортақсары. Жотада 50-дей мұздық бар.

Геологиялық құрылымы

Метаморфтанған кварцит, әктас, тақтатас, гранит жыныстарынан түзілген.

Топырағы, өсімдігі

Бежінтауда тауға тән альпілік және субальпілік шалғын шөп өскен шым топырақ қалыптасқан. Жотаның солтүстік беткейінде қарағайлы-шыршалы орман, ал 600 – 1300 м биіктікте (таулық-далалық белдеу) бұта аралас дала өсімдіктері өседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Шілде 16, 2026

    Мұғалжар тау

  • Қазан 30, 2026

    Жедел пневмония

  • Сәуір 08, 2026

    Аналық жыныс

  • Қыркүйек 28, 2026

    Ақ жүзгін

  • Мамыр 02, 2026

    Александр Македонский

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары