Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бекет Өтетілеуов (1.7. 1883, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы – 9.7.1949) – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог.

Бекет Өтетілеуов

  • Басты бет
  • Бекет Өтетілеуов

Бекет Өтетілеуов (1.7. 1883, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы – 9.7.1949) – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог.

  • Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейін мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.
  • 1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан.
  • 1923 – 1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші.
  • 1925 – 1929 жылдары округтік оқу комитетінің төрағасы.
  • 1930 – 1949 жылдары орыс тілінің мұғалімі болды. Өтетілеуов Ыбырай салған ағартушылық жолды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды.

Шығармалары

  • “Дүние ісі ахиретке кетпес” атты тұңғыш кітабы 1912 жылы Қазанда жарық көрді. Онда ақынның екі дастаны бар.
  1. Кітаптың атымен аталады.
  2. “Жанғыз сәуегей сипатында”.
  • Келесі кітабы “Жиған-терген” 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Оған “Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және ғалымдық пен надандық”, “Данышпан қазы”, тағы басқа шығармаларымен қатар Хемницерден “Құмырсқа мен дән”, Пушкиннен “Көктемнің келуі”, Жуковскийден “Туған жер”, Лермонтовтан “Үш бәйтерек”, Крыловтан 15 мысал аудармалары енген.

Осы кітаптардан кейін Өтетілеуов жазушылықты біржола қойып, педагогтік қызметпен айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің “Автобиографиялық әңгімесінде” Өтетілеуовтің ұстаздық бейнесі суреттелген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Ақтөбе

  • Сәуір 04, 2026

    Ботакөз (фильм)

  • Наурыз 10, 2026

    Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

  • Сәуір 08, 2026

    Бертран Рассел

  • Сәуір 13, 2026

    Обаған (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары