| Бексұлтан Байкенжеев | |
| Туған күні | 7 қараша 1949 |
|---|---|
| Туған жері | Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылы |
| Қайтыс болған күні | 10 мамыр 1993 (43 жас) |
| Қайтыс болған жері | Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылы |
| Қызметі | өнер мектебінің директоры |
| Білімі | Қызылорда педагогикалық институты (1972) |
| Мамандығы | сазгер, әнші |
| Марапаттары мен сыйлықтары | ҚР Білім беру ісінің үздігі |
Бексұлтан Байкенжеев (7 қараша 1949, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы – 10 мамыр 1993, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – сазгер әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. М.Көкеновтің шәкірті.
Өмірбаяны
- Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) бітірген (1972).
- 1972 жылдан аудандық Әлшекей күйші атындағы өнер мектебінің директоры болып қызмет істеген.
Шығармашылығы
Жүз елуге жуық ән жазған. Тұңғыш:
- «Ақбаян»
- «Жеңешем»
- «Күлімдеші»
- «Еркелеші
- Ермегім» әндерін белгілі әншілер З.Қойшыбаева, М.Ералиева, В.Қармысова, Л.Төлешева, Б.Маханбетова, тағы да басқалар орындаған.
- «Сырдария»
- «Ақшолпаным»
- «Ақ гүлім»
- «Нағашым»
- «Гүлденген Жаңақорған»
- «Құда болып жүрейік», тағы басқа әндері халық арасында кеңінен танымал.
Ән жинақтары
Байкежеевтің бір топ әндері ән жинақтарына енген.
- «Ақбаян» (1984)
- «Ақ гүлім» (1992)
- «Сағынып жүрші» (1994) деген жеке әндер жинағы жарық көрген.
Гастрольдік сапарлары
«Сыр сұлуы» және «Нұргүл» ансамбльдері құрамында көптеген елдерде өнер көрсеткен.
Ж етістіктері
Халық шығармашылығы Бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты атанды.
Есте сақтау
- Байкежеев атымен көше аталған.
- Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан өнер мектебі ашылды.
- Екі жылда бір рет сазгерлердің Байкежеевке бағытталған облыстық фестивалі өткізіліп тұрады.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 7 қарашада туғандар
- 1949 жылы туғандар
- Жаңақорған ауданында туғандар
- 10 мамырда қайтыс болғандар
- 1993 жылы қайтыс болғандар
- Жаңақорған ауданында қайтыс болғандар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақстан әншілері
- Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері
- Қазақстан білім беру ісінің үздіктері
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері