
Берген Исаханов (10.12. 1922, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы (құжат бойынша Ордабасы ауданы) – 14.10. 1970, Ордабасы ауданы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943).
1942 жылы майданға аттанып, Қызыл тулы 69-Севск атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Бөлімше командирі, сержант И. Днепрден өту кезіндегі ұрыста асқан ерлік, батырлық көрсетті. 1944 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. Соғыстан кейін Ордабасы ауданында жауапты қызметтер атқарған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Балалық шағы өткен Ордабасы ауданындағы қазіргі Берген Исаханов ауылында ескерткіш орнатылған. Туған жері Сарысу ауданы Жайылма ауылында Ұлы Отан соғысы құрбандарына қойылған монументтің қасбетінде Берген Исахановтың есімі қашалып жазылған.
- 1922 жылы туғандар
- Сарысу ауданында туғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Кеңес Одағының батырлары
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Ленин орденінің иегерлері
- 10 желтоқсанда туғандар
- 14 қазанда қайтыс болғандар