Бернар Арно ( фр. Bernard Arnault; 5 наурыз 1949) — француздық миллиардер кәсіпкер, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті және бас директоры.
| Бернар Арно | |
| фр. Bernard Arnault | |
| |
| Туған күні | 5 наурыз 1949 |
|---|---|
| Туған жері | Рубе, Франция |
| Азаматтығы |
|
| Қызметі | CEO президенті |
| Әкесі | Жан Леон Арно |
| Жұбайы | Элен Мерсье-Арно |
| Балалары | 1-некеден |
| Сайты | |
2021 жылдың 18 маусымында Бернар Арноның байлығы күніне 1,4 миллиард долларға өсіп, 200,4 миллиард долларды құрады. Арно байлығы 200 миллиард доллардан асатын екінші адам болды, біріншісі Amazon негізін қалаушы Джефф Безос болды.
2022 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Бернар Арноның байлығы 190,3 миллиард долларға бағаланады. Ол Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 3-ші орында.
2022 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша Бернар Арно әлемдегі ең бай адам болды және оның байлығы 211 миллиард долларға бағаланды.
2023 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша Бернар Арно мен оның отбасының байлығы 206,3 миллиард долларға бағаланады.
Жеке өмірі
1973 жылы Арно Анна Девавренге үйленді. Бұл некеден Дельфин мен Антуан есімді екі баласы дүниеге келді. Ерлі-зайыптылар 1990 жылы ажырасты. 1991 жылы Арно канадалық пианист Элен Мерсьеге үйленді. Бұл некеден Александр, Фредерик және Жан атты үш ұлы дүниеге келді. Қазіргі уақытта Арно мен Элен Мерсье Париж қаласында тұрады. Арноның төрт немересі бар: екеуі ұлы Антуаннан, екеуі қызы Дельфиннен тараған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Құрмет легионы ордені үлкен крестінің иегерлері
- Құрмет легионы орденінің командорлары
- Құрмет легионы орденінің офицерлері
- Британ империясы орденінің рыцар-командорлары
- Алфавит бойынша кәсіпкерлер
