| Берік Әбдіғалиұлы | ||||
Әбдіғалиұлы, 2024 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 11 маусым 2022 — 9 қазан 2024 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | лауазым ұйымдастырылған | |||
| Ізбасары | Дастан Рыспеков | |||
| ||||
| тамыз 2010 — ақпан 2012 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Қанат Балмағамбетов | |||
| Ізбасары | Бауыржан Шыңғысов | |||
| ||||
| қаңтар 2010 — тамыз 2010 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
| Ізашары | Жаңбырбай Дәрібаев | |||
| Ізбасары | Ануар Омаров | |||
| ||||
| 2001 — 2002 | ||||
| ||||
| 2000 — 2001 | ||||
| ||||
| 14 қаңтар 2021 — 14 маусым 2022 | ||||
| Өмірбаяны | ||||
| Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | |||
| Дүниеге келуі | 18 қыркүйек 1971 (54 жас) Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО (қазіргі Ұлытау облысы, Қазақстан) | |||
| Балалары | 3 | |||
| өңдеу | ||||
Берік Әбдіғалиұлы (18 қыркүйек 1971 жыл, Ұлытау ауданы) — қазақстандық саясаткер, саясаттанушы, тарихшы және 2022 жылғы маусымнан 2024 жылғы қазанға дейін Ұлытау облысының тұңғыш әкімі. 2024 жылдан бастап Ұлттық музей директоры.
Әкім лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Мәжілісі VI шақырылымының депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
Өмірбаяны
1971 жылғы 18 қыркүйекте, Ұлытау ауданында туған Берік Бақытұлы тұңғыш білімін Жезқазған қаласындағы №8 орта мектепте алды. 1988 жылы ол Тараз қалалық №45 орта мектебін тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген (1994) ол тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы болды.
1988 жылдан бастап Әбдіғали — Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы. 1989 жылы ол Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алатын болды да, 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқып кетті.
Алматыға көшкен ол 1994 жылы Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995 жылдан бұл бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушысы, 1997 жылғы қаңтардан институт директорының орынбасары.
1997 жылғы наурызда ол Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды да, сол жылғы қарашадан Ақмолада Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы.
1998 жылдан бастап Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болса, 1999 жылдан Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2000 жылы Әбдіғали Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылдан 2002 жылға дейін ол Теміртау әкімінің орынбасары бола тұрды.
2002 жылдан бастап Алматыдағы Ұлттық зерттеулер институтының директоры болған ол келесі 2003 жылдан сол қаладағы «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2004 жылдан «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті болған Әбдіғали 2005 жылдан «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі, 2006 жылдан «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры еді.
2006 жылғы маусым–тамыз аралығында Әбдіғалиұлы Украинадағы Киев облысының Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі болса, 2007 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы мен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы ретінде қызметін бастады.
2008 жылғы наурыздан ол — Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және 2008–2010 жылдары ол — «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры.
Саяси қызметте
2009–2012 жылдары ол Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болса, 2010 жылы сол облыстағы Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды да, бұдан кейін, 2012 жылға дейін Жезқазған қаласының әкімі еді.
2012 жылы Әбдіғали Премьер-Министрдің Кеңсесінде Бірінші вице-премьердің кеңесшісі, кейін 2013 жылға дейін Арқалық әкімі болды.
2013 жылдан бастап ол Қарағанды облыс әкімінің орынбасары.
2016–2017 жылдары Қазақстан президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, Қарулы Күштер Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері.
2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында ол — Ұлттық мұражайдың «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі және Ұлттық мұрағаттың «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.
2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
2021 жылғы 11 қаңтардан 2022 жылғы маусымға дейін Мәжіліс депутаты болып сайланды.
2022 жылғы 11 маусымнан жаңа құрылған Ұлытау облысының тұңғыш әкімі болып тағайындалды. 2024 жылғы 9 қазанда лауазымынан босатылды.
2024 жылғы 11 қазанда Ұлттық музейдің директоры болып тағайындалды.
Шығармашылығы
Әбдіғали — жеке 10 кітаптың мен 2 кітаптың бірлескен авторы. Көптеген ұлттық жобалардың авторы және жетекшісі: «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік саясат және ұлтаралық қатынастар» (1996); «Ресей мен қазақстандық орыстар» (1997); «Әлеуметтік-саяси менеджмент. Теміртау тәжірибесі» (2003); «Саясилау этикасы: үдерістері, механизмдері, салдары» (2003); «Қазақ миссиясы» (2007); «Қазақ болайық» (2014); «Алаш әскері. Ақтар Әскеріндегі қазақ бөлімшелері (1918–1920 жылдар)» (2017) және «Саяси ой тарихы» (2003); «Саяси түсіндірме сөздігі» (2007) кітаптарының бірлескен авторы.
Әбдіғали — «Бауырсақ күні» (2004 жылдан бастап) жобасы авторларының бірі, «Қазақстанның 7 кереметі» (2005) үш тілдегі фотоальбом мен оқулық жобасының авторы және жетекшісі, «Желтоқсан – 1986 жыл» 10 томдығы жобасының авторы және жетекшісі, «Кунсткамера жанындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті» (2008) атты фотоальбом жобасының авторы және жылына 6 саны шыққан «Қазақ альманағы» журналының шығарушысы (2009–2012).
Марапаттары
Берік Әбдіғалинің марапаттары және төсбелгілері:
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл (2011);
- Астанаға 20 жыл медалі (2008);
- Құрмет ордені (2017);
- ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2016);
- ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2019).
Жеке өмірі
Берік Әбдіғалинің отбасылы, үш баласы бар. Ішкі саясат, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, Алаш тарихына қызығады.
Ескертпелер
- «Қазақ болайық», «Саяси ой тарихы» мен «Саяси түсіндірме сөздігі» шығармаларын санамағандағы бүкіл шығармашылық атауларының түпнұсқа тілі — орыс тілі. Олар: «Государственная политика и межнациональное отношения в Республике Казахстан» (1996); «Россия и казахстанские русские» (1997); «Социально-политические менеджмент. Темиртауский опыт» (2003); «Политизация этичность: процессы, механизмы, последствия» (2003); «Казахская миссия» (2007); «Войско Алаш. Казахские части в составе Белой Армии (1918-1920 г.г.)» (2017).
- 18 қыркүйекте туғандар
- 1971 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ұлытау ауданында туғандар
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан саясаттанушылары
- Қазақстан тарихшылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Арқалық әкімдері
- Жезқазған әкімдері
- Ұлытау ауданының әкімдері
- Ұлытау облысының әкімдері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары




