Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Беткей экспозициясы — тау, жота, ойыс, сай-жыра, өзен аңғарлары, жер бедерінің, т.б. ірі пішіндерінің дүние тараптарына қарай орналасуы. Яғни Күн сәулесінің бет

Беткей экспозициясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Беткей экспозициясы — тау, жота, ойыс, сай-жыра, өзен аңғарлары, жер бедерінің, т.б. ірі пішіндерінің дүние тараптарына қарай орналасуы. Яғни Күн сәулесінің беткейге түсуі немесе беткейдің тұрақты ауа ағысына қарай бағытталуы. Беткей экспозициясы жергілікті жердің микроклиматына, топырағы мен өсімдік дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы, Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Алтай тауларының жоғарғы белдеуінің солтүстік беткейінде жаз айларында қар жамылғысы сақталса, оңтүстік беткейіндегі сондай биіктікте қар сақталмайды. Одан төмен белдеудегі солтүстік беткейде орман-тоғай және өсімдік жамылғысы оңтүстік беткейге қарағанда қалың өседі.

Жоғары