Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жиенбай жыраудың немересі, Рүстембек жыраудың баласы. Білімі орта, жастайынан ата-баба жолына түсіп, өлең айту және жыр жаттаумен айналысқан. Аудандық электр жү

Бидас Рүстембекұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бидас Рүстембекұлы (1951 жылы туған, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы) – жырау.

Әлімұлы тайпасының Кете руының Құлыс бөлімінен шыққан.

Жиенбай жыраудың немересі, Рүстембек жыраудың баласы. Білімі орта, жастайынан ата-баба жолына түсіп, өлең айту және жыр жаттаумен айналысқан. Аудандық электр жүйесі саласында жұмыс істейді. Қармақшыдағы «Жиенбай жырау» мектебінің жетекшісі. Оның күйтабақтарға жазылған репертуарында атасы мен әкесінің жырлары, «Көрғолы» дастанының 5 саласы, т.б. бар. Рүстембекұлы Сыр бойындағы дәстүрлі жыраулық өнердің мақамын бұзбай айтушылардың бірі. Рүстембекұлы ақындар айтысына қатысқан (1980 – 87), 2-Бүкілодақтық халық шығармашылық фестивалінің лауреаты.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы


  1. АҚЫЛДЫ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ (қаз.). Тіршілік тынысы. Тексерілді, 6 қыркүйек 2021.
Жоғары