Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Биоталық фактор- тірі организмдердің бір біріне және табиғи ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені тірі организмд

Биоталық фактор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Биоталық фактор- тірі организмдердің бір біріне және табиғи ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені тірі организмдер бір бірімен қоректену , бәсекелестік, паразиттік, жыртқыштық,селбесіп тіршілік етуі арқылы алуан түрлу қарым қатынаста болады.

  • 1) шығу негізі тірі организмнің ортаға аралық әсері болып табылатын фактор. Биоталық факторға, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер тағы басқа), организмдердің жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі), олардың бұрынғы ұрпақтарының қарекеті (топырақ түзілуі) және тағы басқа жатады;
  • 2) БИОГЕНДЕР|биогенді фактордың синонимі. Басқаша айтқанда биоталық фактор дегеніміз — бір организмнің тіршілік әрекетінің басқа организмнің тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өлі мекен ету ортасына әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар тірішілік (демографиялық, этологиялық, топтық эффект және тағы басқа) және тұраралық (селбесу, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және тағы басқа) болып бөлінеді. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер арасындағы қарым- қатынас алуан түрлі. Олар тікелей, бір организмнің басқасына тікелей әсер етуіне байланысты және жанама — өсімдіктің қатысуы ортаның абиоталық факторларының режімін өзгертіп, басқа организмдерге әсер етеді.
Жоғары