| Бобби Каннавале | |
| Bobby Cannavale | |
| Каннавале, 2025 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Роберт Бобби Каннавале |
| Туған күні | 3 мамыр 1970 (56 жас) |
| Туған жері | Юнион-Сити, Нью-Джерси, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1996 жылдан бері |
| IMDb | |
Роберт М. «Бобби» Каннавале (ағылш. Robert M. "Bobby" Cannavale; 3 мамыр 1970, Юнион-Сити, Нью-Джерси) — америкалық актёр. «Үшінші ауысым» телесериалында Бобби Кэффи, ал «Уилл мен Грейс» сериалында полиция қызметкерінің рөлімен танымал атанған. Екі рет «Эмми» жүлдесінің номинанты атанған.
Өмірбаяны
Каннавале Юнион-Сити қаласында Изабель және Саланың отбасында дүниеге келген. Оның анасы, куба қызы, АҚШ-қа көшіп кетеді. Ал әкесі италиялық болған. Флорида штатының Маргейт қаласында өскен. Әулие Михаилдың мектебінде білім алған. Хорда өлең айтып, мектепшілік іс-шараларға қатысқан. «Музыкант» қойылымында Уинтроптың рөлін иеленіп, «Ұлдар мен қуыршақтар» мюзиклінде де түседі. Роберт 13 жаста болғанында, ата-анасы ажырасып, анасымен Латын Америкада екі жыл көлемінде тұрады. Нью-Джерсиге қайтып, актёрлық мансабын жалғастырады.
Жеке өмірі
Каннавале Дженни Люметтің күйеуі болған. Олардың Джейк атты ұлдары бар. Олар 2003 жылы ажырасып кеткен. Кейін 2004–2007 жылдар аралығында Анабелла Шиоррамен романы болған. Қазір ол Роуз Бирнмен кездесіп жүр.
- 3 мамырда туғандар
- 1970 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Юнион-Ситиде туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері