Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Болыс — қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы. Болыстар 50 үйден бір сайлаушы қатысатын елубасылардың съезінде 3 жыл мерзімге сайланып, оларды әск

Болыс (лауазым)

  • Басты бет
  • Болыс (лауазым)

Болыс — қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы. Болыстар 50 үйден бір сайлаушы қатысатын елубасылардың съезінде 3 жыл мерзімге сайланып, оларды әскери губернатор бекітіп отырған. Болыстар немесе сұлтандар өз қарамағындағы әкімшілік аймаққа билік жүргізіп, патша үкіметінің жарлықтары мен сот үкімдерінің орындапуын қадағалады, ауылдарға жайылымдық шабындық жерлер бөліп беру, жер дауы, салық салу және жинау мәселелерін шешіп отырды.

Әрбір ауылды уездік басқарма бекіткен 3 жылға сайланған ауыл старшинасы, ал болыстарды сұлтандардың өз арасынан 3 жылға сайланған сұлтан, уездік басқарманы аға сұлтан басқарды; уездік басқармада облыс бастығы бекіткен екі орыс шенеунігі, старшындар мен билер және 2 жылға сайлаған екі қазақ отырды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды, болыстыққа сұлтандар сайланып, шын мәнісінде бұл қызмет атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды. Сондықтан да сайлауға әр ру-тайпа Болыс қызметіне өз адамын өткізу үшін барынша жанталасқан. Болыс қызметі Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әкімшілік саяси өзгерістерге байланысты жойылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Шілде 28, 2026

    Verizon Communications

  • Шілде 17, 2026

    Арқа (ауыл)

  • Маусым 04, 2026

    Қадамжай ауданы

  • Маусым 19, 2026

    Федерация субъекті

  • Мамыр 29, 2026

    VIII Эдуард

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары