Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ботаникалық қорықша — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақ

Ботаникалық қорықша

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ботаникалық қорықша — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар; олар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады.

Қорықшалар

Қазақстанда жалпы аумағы 217 мың га болатын 16 ботаникалық қорықша бар (1991 жылы).

РетіБотаникалық қорықшаҰйымдастырылған жылыаумағыОрналасқан жеріҚорғауға алынған өсімдіктер
1Орлиногор ботаникалық қорықшасы19713,5 мың гаСолтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданыҚызыл қау, сәбізшөп сияқты дала өсімдіктері мен қайыңды-қарағайлы селдір орман өседі.
2Төменгі Тұрғысын қорықшасы19782,2 мың гаШығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданыӨсімдік жамылғысы Оңтүстік Алтай мен Күршім тауына тән. Шыршалы-қарағайлы ормандар, бұталы өсімдіктер (Алтай доланасы, қызыл долана, итмұрын мен қалампыр, т.б.) өседі.
3Қаратал құмы қорықшасы19781,3 мың гаШығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданыБұқтырма бөгені жағалауының флорасы (шырғанақ, тікенжиде, т.б.) қорғауға алынған.
4Қапшағай қорықшасыҚапшағай аңшылық-қорық шаруашылығы құрамында ұйымдастырылған.
5Ақдала қорықшасы19773 мың гаТүркістан облысы, Бөген ауданыДермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
6Бөріжар қорықшасы19771,4 мың гаТүркістан облысы, Бөген ауданыДермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
7Жамбыл қорықшасы19778,3 мың гаТүркістан облысы, Бәйдібек ауданыДермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
8Шалдар қорықшасы19772,6 мың гаТүркістан облысы, Бәйдібек ауданыДермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
9Темір қорықшасы19774 мың гаТүркістан облысы, Отырар ауданыДермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
10Үржар қорықшасы1971120 гаШығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданыТарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
11Атлет қорықшасы1971112 гаШығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданыТарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
12Солдат жырасы қорықшасы1971156 гаШығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданыТарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
13Тораңғылы қорықшасы197148 гаҚарағанды облысы, Ақтоғай ауданыБалқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырау өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
14Бектауата қорықшасы19710,5 мың гаҚарағанды облысы, Ақтоғай ауданыБалқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
15Қоғашық қорықшасы197115 мың гаҚарағанды облысы, Жаңаарқа ауданыБалқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
16Берікқара қорықшасы19713,1 мың гаЖамбыл облысы, Жуалы ауданыБерікқара терегі, грейк қызғалдағы және т.б. өсімдіктер қорғауға алынған.
17Қарақоңыз қорықшасы19713,1 мың гаЖамбыл облысы, Қордай ауданыСиверс алмасы, алша, жабайы жүзім, Семенов үйеңкісі және т.б. өсімдіктер өседі.
Жоғары