Брокерлік қызмет / Делдалдық қызмет — клиенттің тапсыруымен және соның есебінен бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілер жасасу. Брокерлік қызметті жүзеге асырушы, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушыны брокер деп атайды. Ол сенім жүктелген өкіл ретінде — клиенттің атынан және соның қаражаты есебінен (тапсырма шарты бойынша) агент атқарымын орындайды немесе комиссионер ретінде — өз атынан және клиенттің қаражаты есебінен (комиссия шарты бойынша) орындайды.
Санат:
- Экономика