| Аудан | |
| بۋرىلتوعاي اۋدانى Бурылтоғай ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы |
| Әкімшілік орталығы | Бурылтоғай кенті |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 47°06′ с. е. 87°23′ ш. б. / 47.100° с. е. 87.383° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°06′ с. е. 87°23′ ш. б. / 47.100° с. е. 87.383° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1921 |
| Жер аумағы | 33319 км² |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 70500 адам (2003) |
| Телефон коды | 906 |
| Пошта индекстері | 836400 |
|
| |
| Координаттар: 47°06′ с. е. 87°23′ ш. б. / 47.100° с. е. 87.383° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Бурылтоғай ауданы (Төте жазу: بۋرىلتوعاي اۋدانى, ұйғ. بۇرۇلتوقاي ناھىيىسى; Burultoqay nahiyisi немесе Фухай уезі (қыт. 福海县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Әкімшілік орталығы — Бурылтоғай кенті (Фухай).
Тарихы
Бурылтоғай ауданы 1921 жылы орнаған. 1942 жылы Фухай ауданы болып атауы өзгертілді.
Географиясы
Солтүстігінде Моңғолиямен, шығысында — Көктоғай ауданымен, батысында — Алтай қалалық ауданымен, Жеменей ауданымен мен Шәуешек округымен, оңтүстігінде — Чанцзы-Хуэй автономиялық аймағымен шекараласады.
Әкімшілік бөлінісі
Бурылтоғай ауданы 3 қалашыққа 3 ауылға бөлінеді:
- Бурылтоғай (Фухай) қалашығы (بۋرىلتوعاي قالاشىعى)(福海镇)
- Қарамғай қалашығы (قارامعاي قالاشىعى)(喀拉玛盖镇)
- Жетарал қалашығы (جەتارال قالاشىعى)(解特阿热勒镇)
- Көкағаш ауылы (كوكاعاش اۋىلى)(科克阿尕什乡)
- Шығанжиде ауылы (شىعانجيدە اۋىلى)(齐干吉迭乡)
- Арда ауылы (اردا اۋىلى)(阿尔达乡)
- Шыңжаң географиясы бойынша аяқталмаған мақалалар
- Алтай аймағы
