Бурят тілі (Buryat language) — алтай тілдер отбасының моңғол тобына кіреді, ерін үндестігі (сингармонизмі) бар жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Бурятия Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1996).
| Бурят тілі | |
| Өз атауы: | Buryat language |
|---|---|
| Елдер: | Ресей, Моңғолия, Қытай |
| Сөйлеушілер саны: | 218 600 |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | ескі монғол жазуы, латын әліпбиі, кириллица |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | бур 125 |
| ISO 639-1: | bua |
| ISO 639-2: | bua |
| ISO 639-3: | bua |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Референтті халық
Референтті халық: буряттар; өз атауы – бурят, буряад.
Географиялық таралуы
Бурят тілінің таралу аймағына Ресей Федерациясының үш субъектісінің аумақтары кіреді: Бурятия Республикасы, Иркутск облысының Усть-Орда Бурят округі және Забайкалье өлкесінің Агинский Бурят округі.
Сонымен қатар Солтүстік Моңғолия және солтүстік-шығыс Қытайда тұрады. Ресей Федерациясындағы Бурят тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 218,6 мың адамды құрайды (2010 жылғы халық санағы).
Диалектісі
Бурят тілінің 4 диалектісі бар: батыс (эхирит-булаят), аралық (аларо -тункин), шығыс (хорин), оңтүстік (цонголо-сартуль).
Жазуы
Буряттар 1930 жылға дейін ескі монғол жазуын, 1931 жылдан бастап латын графикасы негізінде, 1938 жылдан бастап орыс (кириллица) графикасы негізінде жазуды қолданды.
Қазіргі бурят әліпбиі
| А а | Б б | В в | Г г | Д д | Е е | Ё ё | Ж ж |
| З з | И и | Й й | К к | Л л | М м | Н н | О о |
| Ө ө | П п | Р р | С с | Т т | У у | Ү ү | Ф ф |
| Х х | Һ һ | Ц ц | Ч ч | Ш ш | Щ щ | Ъ ъ | Ы ы |
| Ь ь | Э э | Ю ю | Я я |