Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның

Бұйдаш хан

  • Басты бет
  • Бұйдаш хан

Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахир ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахир хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.

Бұйдаш хан
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ хандығының 7-ші ханы
1533 — 1538
Ізашары Бауыш хан
Ізбасары Хақназар хан
Өмірбаяны
Діні ислам
Қайтыс болуы 1559/1560
Мәуереннаһр
Әкесі Әдік сұлтан
Анасы Султан Нигар Ханым
Жұбайы Махим Ханым
Балалары Бабақ сұлтан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз. Бірақ орыс жылнамаларында Әдік сұлтанның соңғы ұрпағы Бабақ сұлтан қайтыс болғанын айтады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Корей тілі

  • Сәуір 07, 2026

    Х (кирил)

  • Сәуір 16, 2026

    Қаражал қаласы

  • Сәуір 12, 2026

    Тимирязев ауданы

  • Сәуір 10, 2026

    Байғазы (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары