Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Вахиде Перчин (түр. Vahide Perçin) (1965 жылы 13 маусымда Измирде, Түркияда дүниеге келген) – театрдың және киноның саласындағы түрік актрисасы.

Вахиде Перчин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вахиде Перчин
түр. Vahide Perçin
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Вахиде Перчин

Туған күні

13 маусым 1965 (1965-06-13)(61 жас)

Туған жері

Измир, Түркия

Азаматтығы

 Түркия

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1992 жылдан бастап – қазіргі күнге шейін

Бағыты

Драма

IMDb

ID ID1699368

Вахиде Перчин (түр. Vahide Perçin) (1965 жылы 13 маусымда Измирде, Түркияда дүниеге келген) – театрдың және киноның саласындағы түрік актрисасы.

Өмірбаяны

Вахиде 1965 жылы XX ғасырдың басында Грекиядан келген босқындардың отбасында дүниге келген. Әкесі – ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, анасы – үй қожалығымен айналысады. Орта мектепті тәмамдағанан кейін бейнелеу өнері факультетіне (театр бөлімшесіне) түсті.

Мансабы

Алғашқы уақытта жергілікті театрда қызмет етті. 2003 жылы Ыстамбұлға көшіп келді де, жақын арада «Ыстамбұл жайлы ертегілер» атты телехикаядан рөл алды. Оның үлкен жетістігі «Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикаяда Зехраның рөлін сомдау болды. 2013 жылы «Тамаша ғасыр» атты телехикаяда Мәриям Үзерліні алмастырып Хүррем сұлтанның рөлін орындады.

Жеке өмірі

Студенттік кезінде Вахиде Алтан Гөрдүм атты актерге күйеуге тиеді. Олар алдымен Измирде бір театрда жұмыс істейді, ал кейіннен бір түсірілім алаңында кездеседі. Ыстанбұлға көшіп келген шақта-ақ жұбайлардың актерлік мансаптары кеңейе берді. Алтан Гөрдүм Отандың көрермендерге «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы Бекир-аға рөлімен танымал. 1994 жылы ерлі-зайыптылардың Алези атты қызы дүниеге келді. 2013 жылы жұп айырылысып кетті.

Қатерлі ісікпен күресуі

“Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикая түсіріліп жатқан кезде, актрисаға қорқынышты диагноз қойылды – сүт безінің қатерлі ісігі. Жобаны тастап, Вахиде аурумен күресуге кірісті. Оны жұбайы, қызы, қызметтестері мен көрерменде қолдап, көмек берді. Қауіпті аурудан айығып, актриса қайтадан жұмысқа кірісті.

Фильмографиясы

жылыҚазақша атауыШынайы атауСомдаған рөлі
2004сЫстанбұл жайлы ертегілерBir İstanbul MasalıСузан Козан/Suzan Kozan
2005фЫстанбұл, айтшы!Anlat IstanbulХүррем / Hürrem
2005сҚырсыз белдеуHırsız PolisФулия / Fulya
2006фАлғашқы махаббатİlk AşkНевин / Nevin
2007фСенелер ЛондраIvi Seneler LondraФерда / Ferda
2007-2008сМенің анамAnnemЗейнеп Еғилмез / Zeynep Eğilmez
2008фКөтеріліс машиналарыDevrim ArabalarıСуна / Suna
2010фЗефирZefirАй / Ay
2010cМен оны Фериха деп атадымAdını Feriha KoydumЗехра Йылмаз / Zehra Yılmaz
2012сСыйлы өмірMerhaba HayatДениз Корел / Deniz Korel
2013фАйхан ХанымAyhan HanımАйхан / Ayhan
2013-2014сҒажайып ғасырMuhteşem YüzyılХүррем Сұлтан / Hürrem Sultan
2015-2016фКөшіру уақытыGöç ZamanıДженнет / Cennet
2016хАнаAnneГёнюль Аслан / Gönül Aslan

Марапаттары

жылыМарапатыСанаты
1996«Sanat Kurumu»Үздік әйел рөлі
2007«14. Altın Koza Film Festivali»Үздік актриса (Алғашқы махаббат)
2007«Magazin Gazetecileri Derneği Altın Objektif Ödülleri»Үздік театр актрисасы
2008«Radyo Televizyon Gazetecileri Derneği Yılın Ödülleri»Жыл әйелі
Жоғары