Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Габсбург монархиясы (нем. Habsburgermonarchie; Габсбург империясы, нем. Habsburgerreich; Аустрия монархиясы, нем. Österreichische Monarchie немесе Дунай монархи

Габсбург монархиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Монархияның елтаңбасы

Габсбург монархиясы (нем. Habsburgermonarchie; Габсбург империясы, нем. Habsburgerreich; Аустрия монархиясы, нем. Österreichische Monarchie немесе Дунай монархиясы, нем. Donaumonarchie) — аустриялық Габсбургтер әулетінің билігінде болған бірнеше феодалдық мемлекеттердің династиялық одағын білдіретін шартты атау. Бұл атау 1526 жылдан басталып, аустриялық эрцгерцог І Фердинандтің Чехия мен Мажарстан тағына отырған кезден 1804 жылы Аустрия империясының құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. «Габсбург монархиясы» тіркесі Габсбургтер әулетінің Аустрияда билігін жүргізе бастаған 1276 жылдан бастап 1918 жылы Аустрия-Мажарстанның ыдырауына дейінгі кезеңге қатысты кеңірек мағынада да қолданылуы мүмкін. 1804 жылға дейін Габсбургтерге тиесілі мұрагер монархиялар конгломератының ресми атауы болған жоқ.

Сондай-ақ, Габсбург империясы термині Қасиетті Рим императоры V Карл Габсбургтің билігіндегі мемлекеттік құрылымдарды, атап айтқанда Испания, Нидерланд, Франш-Конте, Ломбардия, Неаполь, Сицилия, Сардиния және Испанияның Америкадағы иеліктерін білдіру үшін кеңінен қолданылады.

Габсбургтер әулетінің өкілдері 1439—1740 және 1745—1806 жылдар аралығында Қасиетті Рим империясының монархтары болып та қызмет атқарды.

Құрамы

Габсбург монархиясының (1526—1804) құрамына келесі аймақтар кірді:

Аустрияның мұрагер жерлері:

    • Аустрия эрцгерцогтігі (Төменгі және Жоғарғы);
    • Штирия герцогтігі;
    • Каринтия герцогтігі;
    • Крайна герцогтігі;
    • Истрия маркграфтығы;
    • Тироль графтығы;
    • Горица және Градишка графтығы;
    • Форарльберг;
    • Алдыңғы Аустрия;
    • Триест;

Чехияның тәжді жерлері:

    • Богемия патшалығы;
    • Силезия графтығы;
    • Моравия маркграфтығы;
    • Жоғарғы Лужица маркграфтығы (1635 жылға дейін);
    • Төменгі Лужица маркграфтығы (1635 жылға дейін);
  • Мажарстан патшалығы;
  • Трансильвания Ұлы кінәздігі;
  • Әскери шекара;
  • Хорватия және Славония патшалығы.

Сонымен қатар, Габсбург монархиясы кейбір тарихи кезеңдерде келесі иеліктерді де қамтыды:

  • Аустриялық Нидерланд (1713—1792);
  • Милан герцогтығы (1713—1797);
  • Ломбардия-Венеция патшалығы (1815—1866);
  • Неаполь патшалығы (1713—1735);
  • Сардиния патшалығы (1713—1720);
  • Темешвар банаты (1718—1778);
  • Воеводина және Солтүстік Босния (1718—1739);
  • Олтения (1718—1738);
  • Сицилия патшалығы (1720—1735);
  • Парма герцогтігі (1735—1748);
  • Галиция және Лодомерия патшалығы (1772 жылдан бастап);
  • Буковина (1774 жылдан бастап);
  • Кіші Польша (1795 жылдан бастап);
  • Венеция облысы (1797 жылдан бастап);
  • Далмация (1797 жылдан бастап).
Жоғары