Гальвани элементі — электр-химия реакциясының нәтижесінде тікелей электр энергиясы пайда болатын электр тоғының көзі. Гальвани элементі тұз немесе қышқыл ерітінділеріне салынған екі электроды (металл немесе графит) болады. Оның бірі — теріс электрод (катод), екіншісі — оң электрод (анод). Электродтарда физикалық-химиялық процестер нәтижесінде потенциалдар айырмасы пайда болады. Электродтарды жалғастыратын өткізгіште (сымда) электр тогын осы айырма тудырады..
Санат:
- Физикалық химия