Манчини Генри (шын есімі Энрико Никола Манчини) (Mancini, Henry; Enrico Nicola Mancini) (16 сәуір 1924 жыл, Кливленд, Огайо, АҚШ — 14 маусым 1994 жыл, Беверли-Хиллз, Калифорния), американдық композитор..
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери-әуе жұмыс қызметінде Глен Миллермен танысып, соғыстан кейін аранжировщик және пианист ретінде оның оркестріне қызметке тұрды.
«Питер Ганн» (Peter Gunn; 1958) телехикаясына арналған өзіндік джаз музыкасының арқасында, бірақ көбіне Блейк Эдвардстың «Розовая пантера» фильміне арнап жазған өзінің юморлық партитурасымен кеңінен танымал болды, Манчини қызмет етіп жүрген кезінде осы еңбегімен көп уақыт шұғылданды.
80-нен астам фильмге партитура жазып, Moon River және Days of Wine and Roses деген екі өлеңі үшін, «Тиффанидегі таңғы ас» (1961) және «Виктор/Виктория» (1982) фильмдеріне жазған партитурасы үшін төрт «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, 20 «Грэмми» сыйлығына және 2 «Эмми» сыйлығына ие болды.
- АҚШ сазгерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері
- 1924 жылы туғандар
- 1994 жылы қайтыс болғандар
- Үздік фильм әні үшін Оскар сыйлығының иегерлері