Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Географиялық полюс, географиялық үйек (лат. polus, көне грекше: πόλος — үйек) — Жердің айналу өсінің жер бетімен қиылысатын нүктелері, яғни полюстерде жердің ба

Географиялық полюс

  • Басты бет
  • Географиялық полюс

Географиялық полюс, географиялық үйек (лат. polus, көне грекше: πόλος — үйек) — Жердің айналу өсінің жер бетімен қиылысатын нүктелері, яғни полюстерде жердің барлық меридиандарының қиылысуы.

Географиялық полюс

Солт. полюс Солт. Мұзды мұхитта орналасқан. Солт. Географиялық полюсте алғаш рет 1909 ж. 6 сәуірде америкалық теңіз саяхатшысы Р. Пири болған. Оңт. Географиялық полюс Антарктида құрлығында жатыр. Оған норвегиялық полюс зерттеушісі Р. Амундсен 1911 ж. 14 желтоқсанда жеткен. Географиялық полюстерде дүние жақтары болмайды, тәуліктік уақыт (24 сағат) күн мен түнге бөлінбейді. Себебі Географиялық Полюстерде 6 ай (179 тәулік) күн, 6 ай түн (полюс түндері мен полюс күндері) болып тұрады, яғни Күн көкжиектен 6 ай шықпайды не 6 ай көкжиектен төмен түспейді. Жердің ішкі құрылысының күрделілігіне байланысты Географиялық полюстер бір нүктеде тұрақтамай, ауытқып отырады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 30, 2026

    Тісті киттер

  • Қыркүйек 07, 2026

    Тұзды көл

  • Маусым 12, 2026

    Айжан қыз

  • Тамыз 11, 2026

    Диқан баба

  • Маусым 05, 2026

    Октавиан Август

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары