
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады. Геотермалды энергетика тұрмыстық және жылыту қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.
Санаттар:
- Су шаруашылығы
- Энергетика
- Жаңартылатын энергия