Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Гольджи аппараты — жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінің ү

Гольджи аппараты

  • Басты бет
  • Гольджи аппараты

Гольджи аппараты — жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінің үстіне бірі қаланып орналасқан.

Жасушадағы Гольджи аппараты (6)

Құрылысы

Голджи аппаратының құрылымдық-функционалдық бірлігі - диктосома. Диктосомада жалпақ бір мембраналы қапшықтар (цистерналар) бірінің үстіне бірі қаланып, тығыз орналасады (аралары 20-25 нм), әрбір цистернаның диаметрі 1 мм-ге жуық, қалыңдығы өзгеріп отырады: ортасында мембраналар жақындасып, шетінде кеңейеді, олардың ішкі қуыстары бір-бірімен жалғаспайды.

Әрбір диктосомада үш бөлікті ажыратады:

  • Проксималды (cis-полюс)
  • Медиалды
  • Дисталды (trans-полюс)

Олар бір-бірінен ферменттер жиынтығы бойынша ажыратылады. Транс-полюстің дисталды цистерналарына Гольджи аппаратының транс-торын құрайтын көптегентүтікшелер мен көпіршіктер жанасып жатады.

Функциялары

Ақуыздардың сұрыпталуы Гольджи кешенінің транс-торының мембранасында орналасқан ерекше ақуыз-рецепторлар арқылы жүзеге асады. Олар іріктелуші ақуыз молекулаларының маркерлерімен өзара әрекеттесуге қабілетті. Іріктелетін молекулалардың маркерлерімен байлансықан рецепторлары бар мембрана бөлігі Гольджи кешенінен клатиринмен қапталған мембраналық көпіршік түрінде бөлініп, содан кейін қажет орынға тасымалданады.

ЭПТ ақуыздары - Гольджи кешенінде кездейсоқ тап болған фолдинг ферменттері үшін маркер төрт аминқышқылынан тұратын тізбек, олар арқылы осы ақуыздар танылып, көпіршіктерге оралады, содан кейін қайтадан эндоплазмалық торға қайтарылады.Бұл процесс рециклизация деп аталады.

Экспортталатын ақуыздардың секрециясы конститутивті және реттелетін секреция жолымен іске асады.

Конститутивті секреция барлық жасушаға тән, тасымалдаушы көпіршіктер Гольджи аппаратынан плазмолеммаға үздіксіз тасымалданады. Бұл жолмен жасушаның бетіне гликокаликс элементтері, жасушааралық заттардың негізіг ұүрайтын көптеген өнімдер жеткізіледі. Конститутивті секреция жолымен, сонымен қатар плазмолеманың мембраналық ақуыздары тасымалданады.

Реттелетін секреция тек белгілердің әсеріне жауап ретінде биологиялық белсенді заттарды, яғни гормондарды синтездейтін мамандандырылған жасушаларға тән.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Асан Қайғы

  • Сәуір 22, 2026

    Ғабдиман Игенсартов

  • Наурыз 21, 2026

    Митохондрия

  • Сәуір 13, 2026

    Моос шкаласы

  • Наурыз 14, 2026

    Асық ойыны

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары