Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Гольджи жиынтығы — өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италияндық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың

Гольджи жиынтығы

  • Басты бет
  • Гольджи жиынтығы

Гольджи жиынтығы — өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италияндық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Оны "ішкі тор тәрізді аппарат" деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты "Гольджи жиынтығы" деп аталып кетті. Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтар жасуша цитоплазмасының барлығына таралмайды.Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді. Қуыс цистернадан біртіндеп жарғақшалық көпіршіктер-диктисомалар баулықсызданады. Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды, сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді. Алайда онда көмірсулар мен липидтердің синтезі және жаңару процесі болады. Заттардың жасушаішілік тасымалдануы қосалқы қызмет атқарады. Гольджи жиынтығы ең алдымен синтезделген заттарды жарғақшалық көпіршіктерге орналастырады. Көпіршіктерге жасушалардан шығарылуы тиісті зат алмасудың зиянды қалдықтарының да түсуі мүмкін. Көпіршіктер басқа ағза бөліктеріне қажетті заттарды көпіршіктерге орналастырады. Мысалы, мұның гормондар мен азықтық ферменттер болуы да мүмкін. Гольджи жиынтығынан баулықтанған көпіршіктердің экзоцитозы кезінде көпіршіктегілерді жасушадан шығарып, сыртқы жарғақшаларды қалпына келтіреді. Бұл органоид лизосомалар жарғақшаларын да қалыптастырады.

Құрылысы

Ол бір-бірімен тығыз байланысқан үш бөліктен тұрады:

1) жарғақшамен шектесіп 5-10-нан топтаса орналасқан қуыстар;

2) қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер;

3) майда көпіршіктер.

Гольджи жиынтығының қызметі

Гольджи жиынтығының негізгі қызметтері:

1) Гольджи жиынтығында полисахаридтер мен липидтердің синтезіне қатысатын ферменттер болады, олар биосинтез реакцияларының жүрісін жеңілдетеді;

2) Гольджи жиынтығы жасуша бөлінетін кездегі пайда болатын жарғақшалардың синтезіне қатысады. Гольджи жиынтығының әсерінен плазмалық жарғақша жаңарып отырады;

3) Эндоплазмалық торда синтезделген ақуыз, липид, көмірсу молекулалары оның өзекшелері арқылы гольджи жиынтығына жеткізіледі;

4) Сонымен қатар бұл органоид жасушаның тіршілігіне зияңды улы заттарды сыртқы ортаға бөліп шығара алатыны анықталды. Жасуша бөлінер алдындағы протоплазма қимылының күшейе түсу себебі осы мүшеге байланысты болу керек деген ғылыми жорамал бар. Бірақ Гольджи мүшесінің қызметі осы күнге дейін толық зерттелген жок.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Атбасар мәдениеті

  • Сәуір 12, 2026

    Құрық (ауыл)

  • Сәуір 05, 2026

    Балқытқыш қышқыл

  • Сәуір 05, 2026

    Алаша хан

  • Сәуір 05, 2026

    Мұхтар Әуезов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары