Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Грамматикалық мағына (орыс. грамматическое значение) — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жина

Грамматикалық мағына

  • Басты бет
  • Грамматикалық мағына

Грамматикалық мағына (орыс. грамматическое значение) — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлғалары мен сөздердің жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сақтай отырып, бір-бірінен өзгеше болады. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінің мағынасы, құрмалас сөйлемдердің шылау арқылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердің белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалық мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктің жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарының (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.

Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сияқты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.

Тағы қараңыз:

  • Графика
  • Графема
  • Граммема
  • Грамматика
  • Дактилография
  • Грамматикалық форма
  • Грамматология
  • Грамматикалық категория
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Франция

  • Мамыр 01, 2026

    Терісаққан (өзен)

  • Сәуір 23, 2026

    Мағауия Абайұлы

  • Сәуір 09, 2026

    Арал бекіресі

  • Наурыз 29, 2026

    Сілтілік металдар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары