Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

'''ұлы:''' [[II Альбер (Монако ханзадасы)|II Альбер]]"},"Марапаттары":{"wt":"* {{Әулие Карл орденінің үлкен кресті}}\n* «[[Оскар сыйлығы|Оскар]]» (1955)\n* «[[А

Грейс Келли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Грейс Келли
ағылш. Grace Kelly
Грейс Келли
Грейс Келли 1955 жылы
Грейс Келли
Лауазымы
Ту
Ту
Монаконың 10-шы ханшайымы
18 сәуір 1956  14 қыркүйек 1982
Ізашары Жислен Домманже
Ізбасары Шарлен Линетт Уиттсток
Өмірбаяны
Азаматтығы  Монако,  АҚШ
Діні Католицизм
Дүниеге келуі 12 қараша 1929 (1929-11-12)
Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ
Қайтыс болуы 14 қыркүйек 1982 (1982-09-14)(52 жас)
Монако
Жерленді Әулие Николай соборы, Монако
Династия Гримальди
Туған кездегі есімі Грейс Патриция Келли
Әкесі Джон Брендан Келли
Анасы Маргарет Кэтрин Майер
Жұбайы III Ренье
Балалары қыздары: Каролина, Стефания
ұлы: II Альбер
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Монограммасы Монограммасы
Марапаттары
Грейс Келли Ортаққорда

Грейс Патриция Келли (ағылш. Grace Patricia Kelly; 12 қараша 1929(19291112), Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ — 14 қыркүйек 1982, Монако) — америкалық актриса, 1956 жылдан бастап Монако кінәзі III Ренье-нің жары, Монаконың 10-шы ханшайымы, қазіргі билік басындағы ханзада II Альбер анасы. Ол небәрі оншақты фильмге ғана түссе де, «Оскар» иеленіп, өз заманының ең табысты актрисасы ретінде танылды.

Өмірбаяны

Жастық шағы мен отбасы

Грейс Келли АҚШ-та ауқатты әрі ықпалды отбасында дүниеге келген, оның тегі ирландиялық және неміс тамырларынан бастау алады. Ол отбасындағы үшінші бала болды. Грейстің Пегги есімді әпкесі мен Джон атты ағасы, сондай-ақ Лизанна есімді сіңлісі болған.

Оның әкесі, Джон Брендан «Джек» Келли, құрылыс саласында жұмыс істеген және кезінде академиялық есуден үш дүркін Олимпиада чемпионы (1920, 1924) болған. Оның ағасы Уолтер К. Келли водевиль жұлдызына айналса, тағы бір ағасы — Джордж Келли табысты драматург, Пулитцер сыйлығының лауреаты ретінде танымал.

Келлидің анасы, Маргарет Майердің неміс тамырлары болған; жас кезінде ол тартымды сырт келбетінің арқасында фотомодель болып жұмыс істеген. Кейіннен Маргарет Пенсильвания университетінде дене шынықтырудан сабақ беріп, осы оқу орнында әйелдер арасындағы жеңіл атлетикадан алғашқы әйел-жаттықтырушы атанды. 1924 жылы Джон Б. Келлиге тұрмысқа шыққаннан кейін, Маргарет үй шаруасымен айналысып, балалары мектеп жасына жеткенше отбасы қамында болды. Кейіннен ол түрлі қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсенді араласа бастады.

Келлилер отбасы Филадельфиядағы сәулетті зәулім үйде тұрды. Грейс бала кезінен жоғары қоғамға араласу мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен, ол ата-анасының ортасынан ерекшеленетін басқа бір қызықты әлемде табысқа жетуге ұмтылды.

Грейс отбасында ата-анасының сүйікті баласы болған жоқ — олар спортқа бейім үлкен қызы Пегги мен кенжесі Лизаннаға көбірек көңіл бөлсе, ұлдары Джонға үлкен үміт артты. Грейс болса әпкелері мен ағасына қарағанда физикалық тұрғыдан әлсіздеу еді.

Рейнхилл діни колледжінде Грейс қатаң католиктік тәрбие алды. Дәл осы жерде алты жасар Грейс алғаш рет сахнаға шығып, Рождество қойылымында Мәриям рөлін сомдады.

Кино мансабы

Нью-Йоркке көшкеннен кейін Келли фотомодель болып жұмыс істеді, сонымен қатар химияны және Америка драмалық өнер академиясында актерлік шеберлікті оқыды. Оның курстастары болашақ кино және театр жұлдыздары — Джон Эриксон, Джек Пэланс және Дон Риклс болды. Ол көптеген пьесаларға кастингке бағын сынап көргенімен, тек жарнамалық келісімшарттарға (темекі мен сырадан бастап, қалпақтар мен шаңсорғыштарға дейін) ғана қол жеткізе алды.

1949 жылы ол ақыры Бродвейге жол тауып, Август Стриндбергтің «Әке» атты пьесасында ойнады. 1950—1954 жылдар аралығында актриса түрлі телебағдарламаларға жиі шығып тұрды. 1951 жылы ол «14 сағат» фильміндегі эпизодтық рөлге шақырылып, бұл оның кинодағы алғашқы қадамы болды.

Келесі жылы Грейс Келли Фред Циннеманның «Дәл тал түсте» (1952) атты вестерніне түсті, ондағы серіктесі Гэри Купер болды.

1953 жылы Джон Форд оған Голливуд жұлдыздары Кларк Гейбл мен Ава Гарднер ойнаған «Могамбо» фильмінде екінші пландағы рөлді ұсынды. Осы еңбегі үшін Грейс «Алтын глобус» сыйлығын иеленіп, «Оскар» номинациясына ілікті.

Актрисаға нағыз табыс пен атақ келесі жылы, ол Джордж Ситонның «Ауыл қызы» (1954) фильмінде басты рөлді сомдағанда келді. Бұл Бинг Кросби ойнаған ішкілікке салынған, ашулы әншінің жарының жарқын әрі есте қаларлық бейнесі еді. Актрисаның бұл еңбегі кәсіби кинематография ортасында өте жоғары бағаланды: Грейс Келли «Үздік актриса» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын иеленді, сондай-ақ Нью-Йорк киносыншылар қоғамы мен АҚШ-тың Ұлттық киносыншылар кеңесінің «Үздік актриса» сыйлықтарына лайық деп танылды. 1955 жылы осы рөлі үшін Грейс екінші «Алтын глобус» сыйлығын алды; сол жылы туынды Халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында көрсетілді. 1956 жылы Грейс осы фильмдегі басты рөлі үшін британдық BAFTA сыйлығының «үздік шетелдік актриса» номинациясына ұсынылды..

Келли шытырман оқиғалы фильмдердің актрисасы ретінде танылды. Көп ұзамай оған Альфред Хичкок назар аударып, актриса оның үш фильміне түсті. Олардың екеуі — «Кісі өлтіру жағдайында М нөмірін теріңіз» (1954) және «Аулаға қараған терезе» (1954) — режиссердің ең үздік туындыларының қатарына жатады.

Грейс Келлидің кинодағы мансабы небәрі төрт жылға — 1952 жылдан 1956 жылға дейін ғана созылды.

Актриса түскен соңғы фильм режиссер Чарльз Уолтерстің «Жоғары қоғам» (1956) атты музыкалық комедиясы болды. Мұнда Грейс Келлимен бірге басты рөлдерді танымал америкалық әншілер Бинг Кросби мен Фрэнк Синатра, сондай-ақ әнші әрі музыкант Луи Армстронг сомдады.

Киноактрисаның таланты мен ерен еңбегін ескере отырып, Америка кино институты оны «Киноның 100 ұлы жұлдызы» тізімінде 13-орынға қойды.

Грейс өз тағдырын модельер Олег Кассинимен байланыстырғысы келді, бірақ оның жасы мен бірнеше рет ажырасқаны Грейстің ата-анасын бұл шешімге қарсы шығуға мәжбүр етті.

Монаконың ханшайымы

1955 жылы Грейс Келли Альфред Хичкоктың «Ұрыны ұстау» фильміне түсу үшін француз Ривьерасына барады. Сол кезде фильмнің кейбір көріністері Монако кінәздігінің аумағында түсірілген болатын. Бір жылдан кейін, Канн кинофестивалі кезінде ол Монако кінәзі III Реньемен танысады. Бұл кездесуге актриса Оливия де Хэвиленд пен оның күйеуі, журналист Пьер Галант себепкер болды. Галант мырза «Paris Match» журналына ерекше мұқаба ойлап тауып, кінәз бен америкалық киножұлдыздың кездесу сәтін фотоға түсіруді ұсынады.

Кездесуден кейін екеуі бірге серуендеп, кейіннен жасырын хат жазысып тұрады. 1956 жылы 18 сәуірде олардың азаматтық неке қию рәсімі өтсе, келесі күні, 19 сәуірде салтанатты діни үйлену тойы болды. Осы некеден кейін Грейс кінәби атанып, кинодағы мансабын біржолата тоқтатты. Олардың үш баласы бар:

  • Каролина Маргарита Луиза (1957)
  • II Альбер (1958)
  • Стефания Мария Елизавета (1965).

Қазасы

1982 жылы 13 қыркүйекте Келли жол апатына ұшырады. Ол 1980 жылғы Rover SD1 автокөлігін басқара алмай қалып, көлік тік бұрылыстан шығып кетіп, тау бөктеріне құлады. Көлікте оның қызы Стефания да болған, ол аман қалды. Құтқарушылар Грейс Келлиді қираған көліктен шығарып алғанда, ол әлі тірі еді, бірақ алған ауыр жарақаттарынан ес-түссіз жатты. Келли жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, алайда дәрігерлер оның жағдайын өмірмен үйлеспейді деп шешіп, III Реньенің келісімімен аппаратты ажыратты. Ол келесі күні Монако ауруханасында қайтыс болды. Кейіннен, 1985 жылы бұл мекеме Ханшайым Грейс аурухана орталығы (англ. The Princess Grace Hospital Centre) деп аталды.

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, Келли көлік айдап келе жатқанда «церебральды васкулярлық инсульт» болған. Монако госпиталінің бас хирургы, профессор Жан Шателанның нұсқасы бойынша, ол инсульт алған. Бастапқыда Стефания жеңіл жарақат алды деп хабарланғанымен, кейін оның мойын омыртқасы ауыр сынғаны белгілі болды.

Кінәз Грейс 18 қыркүйекте Монакодағы Әулие Николай соборында өткен реквиемнен кейін Гримальдилердің отбасылық қорымына жерленді. Рәсімге 400 қонақ, соның ішінде шетелдік үкімет өкілдері мен еуропалық монархтар әулетінің мүшелері қатысты. Британ королдік әулетінің атынан Уэльс ханшайымы Диана келсе, кино қауымдастығының атынан Кэри Грант болды. Жерлеу рәсімін дүние жүзі бойынша 100 миллионға жуық адам оның жерлеу рәсімін тікелей эфир арқылы бақылады. Кінәз III Ренье екінші рет үйленбеді және 2005 жылы қайтыс болғаннан кейін Грейс Келлидің қасына жерленді.

Фильмография

Дәл тал түсте (1952)
Кісі өлтіру жағдайында «М» нөмірін теріңіз (1954)
Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
1951 ф Он төрт сағат Fourteen Hoursмиссис Луиза Энн Фуллер
1952 ф Дәл тал түсте High NoonЭми Фаулер Кейн
1953 ф Могамбо MogamboЛинда Нордли
1954 ф Кісі өлтіру жағдайында «М» нөмірін теріңіз Dial M for MurderМарго Уэндис
1954 ф Ауыл қызы The Country GirlДжорджи Элджин
1954 ф Жасыл от Green FireКатерина Кноуллэнд
1954 ф Токо-Ридегі көпірлер The Bridges at Toko-RiНэнси Брубакер
1954 ф Аулаға қараған терезе Rear WindowЛиза Фремон
1955 ф Ұрыны ұстау To Catch a ThiefФрэнсис Стивенс
1956 ф Аққу The Swanханшайым Александра
1956 ф Жоғары қоғам High SocietyТрейси Саманта Лорд

Марапаттары мен номинациялары

Грейс Келли мен Марлон Брандо 27-ші «Оскар» марапаттау рәсімінде, 1955 жыл.
ЖылМарапатНоминацияЖобаНәтиже
1950Theatre World AwardӘке (пьеса)Жеңді
1953ОскарҮздік көмекші актрисаМогамбоНоминация
Алтын глобусҮздік көмекші актрисаЖеңді
1955ОскарҮздік актрисаАуыл қызыЖеңді
Алтын глобусҮздік актриса — драмаЖеңді
Ұлттық киносыншылар кеңесіҮздік актрисаЖеңді
Нью-Йорк киносыншылар қоғамыҮздік актрисаЖеңді
BAFTAҮздік актрисаНоминация
1954Ұлттық киносыншылар кеңесіҮздік актрисаАулаға қараған терезеЖеңді
Нью-Йорк киносыншылар қоғамыҮздік актрисаЖеңді
1954Ұлттық киносыншылар кеңесіҮздік актрисаКісі өлтіру жағдайында «М» нөмірін теріңізЖеңді
Нью-Йорк киносыншылар қоғамыҮздік актрисаЖеңді
BAFTAҮздік актрисаНоминация
Bambi AwardҮздік халықаралық актрисаНоминация
1956Алтын глобусӘлемдік киноның сүйікті актрисасыЖеңді

Басқа да марапаттары

  • Голливудтың «Даңқ аллеясындағы» жұлдыз (1960)
  • Америка кино институтының нұсқасы бойынша «Классикалық америкалық киноның 100 ұлы жұлдызы» тізімінде 13-орын (1999)
Жоғары