Үлгі:InfoboxЗелинский Густав (1809—1881) – поляк ақыны.
Варшава университетін бітірген. 1830 – 31 жылдары поляк халқының азаттық көтерілісіне қатысқан. Саяси көзқарасы үшін 1834 жылы Сібірге, Тобыл қаласына жер аударылды. 8 жыл Батыс Сібір әкімшілік органдарында қызмет атқарды. Қазақстанда бірнеше жыл тұрып, 1842 жылы туған жеріне оралды.
Зеленский – “Дала” (1842), “Қырғыз” (1842), “Антар”, “Жанкешті” аталатын романтикалық поэмалардың авторы. “Дала” поэмасында қазақ халқының тіршілігін бейнелеп, олардың өміріндегі көкейкесті мәселелерді қозғады. 19 ғ-дың 1-жартысындағы қазақ халқының өмірін, тұрмыс-тіршілігін зерттеп, шынайы суреттеген “Қырғыз” поэмасы 1910 жылы Томскіде Г.Гребенщиковтің аударуында орыс тілінде басылып шықты. Кейін бұл поэма шет ел тілдеріне аударылды. Зелинскийдің шығармаларына арналған қазақ әдебиетшілерінің көптеген мақалалары бар. “Дала” мен “Қырғыз” поэмаларын Тайыр Жароков пен Ә.Ахметов қазақ тіліне аударып, жеке кітап етіп жариялады (1964).
- 1809 жылы туғандар
- 1881 жылы қайтыс болғандар
- Польша ақындары