| Гари Брюс Равкан | |
| ағылш. Gary Bruce Ruvkun | |
| |
| Туған күні | 26 наурыз 1952 (74 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Беркли, Калифорния, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | генетик, университет оқытушысы, биолог, молекулалық биология |
| Жұмыс орны | |
| Ғылыми дәрежесі | Философия докторы |
| Альма-матер | Калифорния университеті, Беркли |
| Ғылыми жетекші | Дэвид Балтимор және Роберт Хорвиц |
| Несімен белгілі | МикроРНҚ ретінде белгілі |
| Марапаттары |
|
Гари Брюс Равкан (Рувкун, ағылш. Gary Bruce Ruvkun; 26 наурыз 1952, Беркли, Калифорния штаты) — америкалық генетик және молекулалық биолог. Америка Құрама Штаттарының Ұлттық ғылым академияларының (2008) және Медицина академиясының (2009), сондай-ақ Америка философиялық қоғамының (2019) мүшесі. Ол көптеген беделді марапаттардың, соның ішінде 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Өмірбаян
1952 жылы 26 наурызда Калифорния штатының Беркли қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы, инженер Сэмюэл Равкан (1919—2004) және Дора Гуревич (1920—2000) , Ресей империясынан келген еврей иммигранттарының отбасыларынан шыққан. 1973 жылы Калифорния университетінде бакалавр дәрежесін, ал 1982 жылы Гарвард университетінде PhD дәрежесін алды. Ол микроРНҚ зерттеушісі ретінде танымал болды. Көптеген зерттеулерін Виктор Амброузбен бірге жүргізді. Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі (2009).
2024 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы Амброспен бірлесіп микроРНҚ-ны ашқаны және оның транскрипциядан кейінгі гендік реттеудегі рөлі үшін берілді.
Отбасы
Әйелі — Наташа Елена Сталлер, өнер тарихшысы, Амхерст колледжінің өнер тарихы профессоры, кубизм және Пикассоның шығармашылығы бойынша маман. Қызы Виктория.
Марапаттар
- 2004 — Розенштель сыйлығы
- 2008 — Гайрднер халықаралық сыйлығы
- 2008 — Бенджамин Франклин медалі
- 2008 — Альберт Ласкер атындағы базалық медициналық зерттеулер үшін сыйлығы
- 2008 — Warren Triennial Prize, Massachusetts General Hospital
- 2009 — Диксон сыйлығы
- 2009 — Луиза Гросс Хорвиц сыйлығы
- 2009 — Массри сыйлығы
- 2011 — Дэн Дэвид сыйлығы
- 2012 — Биомедициналық зерттеулер үшін Пол Янссен сыйлығы
- 2013 — Ұзақ өмір сүру сыйлығы
- 2014 — Медицина саласындағы Вольф сыйлығы
- 2014 — Генетика саласындағы Грубер сыйлығы
- 2015 — Медицина саласындағы серпінді сыйлық
- 2016 — Даму биологиясы бойынша «March of Dimes» қорының сыйлығы
- 2024 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы
Сілтемелер
- Горовиц Э. Мутантсыз мұны түсіну мүмкін емес
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 26 наурызда туғандар
- 1952 жылы туғандар
- Берклиде туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)
- АҚШ генетиктері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина бойынша Вольф сыйлығының иегерлері
- Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері
- Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері
- Философия докторлары
