Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).
Өмірбаяны
Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
- 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
- 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
- 1947–1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
- 1956–1957 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
- 1971–1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
- 2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Шығармашылығы
Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
Сомдаған рөлдері
- 1949 – Тыгрена ("Аласталған Алитет")
- 1957 – Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)
- 1959 – Тана ("Бір түні", 1972) т.б.)
- 1971 – Қыз Жібек - Айгөз, Жібек анасы
- 1972 – Уайымдаған жас – Анвардың анасы
Марапаттары
- 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
- 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;
- 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
- 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;
- КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
- 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;
- 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;
- 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.
- 15 желтоқсанда туғандар
- 1929 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда туғандар
- 12 мамырда қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Достық орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)
- Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалінің иегерлері
- Алфавит бойынша суретшілер
- Қазақстан суретшілері
- Қазақстан актрисалары
- Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері
- Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институты түлектері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қазақстан халық суретшілері
- Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақстан киноактрисалары
