
Ағзалар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде өсіп, жетіледі. Микроспекирометрия әдісімен зерттегенде жасуша бөлігіндегі ДНҚ молекуласында екі есе көбейетіндігі дәлелденеді. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі ДНҚ репликациясы деп аталады (лат. replicatio - «қайталау»).
Эукариоттағы репликация
Джеймс Уотсон, Фрэнсис Крик болжамдағандай эукариоттарда ДНҚ реплекациясы жартылай сақтау (консервативті) деп аталатын жолпен жүруі керек. Олардың гипотезасын М.Мезельсон және Ф.Сталь радиоактивті таңбалы атом әдісін қолданып дәлелдеді. E coli бактерияларының аналық ДНҚ молекуласын азоттың ауыр N15 таңбасымен зерттегенде екінші циклдан кейін екі еселеніп өскен ДНҚ молекуласының бір тізбегі бұрынғы, аналық тізбегі, ал екінші комплементарлы тізбек жаңадан түзілген болып шықты. Экпирименталды материалдар бойынша консервативті реплекация мүмкін емес, яғни жаңадан түзілген екі ДНҚ молекуласының біреуінің екі тізбегі де аналық тізбектен, ал екінші ДНҚ молекуласының екі тізбегі де жаңадан құрылуы болмайды.
ДНҚ репликациясының негізгі принциптері
ДНҚ репликациясы бірнеше әмбебап принциптерге негізделген:
- Жартылай-консервативтілік принципі Әр жаңа ДНҚ молекуласы бір аналық (ескі) және бір жаңадан синтезделген тізбектен тұрады.
- Комплементарлық принцип Нуклеотидтер белгілі заңдылықпен жұптасады: аденин – тиминмен, гуанин – цитозинмен. Осыған байланысты жаңа тізбектің құрылысы дәл анықталады.
- Антипараллельдік принцип ДНҚ-ның екі тізбегі бір-біріне қарама-қарсы бағытта орналасады (5'→3' және 3'→5').
Репликацияның негізгі кезеңдері
Инициация (басталу кезеңі)
Бұл кезеңде арнайы фермент – геликаза ДНҚ-ның қос спиралін ажыратады. Нәтижесінде репликациялық айыр (вилка) түзіледі. Топоизомераза ДНҚ-ның артық шиеленісуін азайтады. Ал праймаза қысқа РНҚ-праймерлер синтездейді, өйткені ДНҚ-полимераза синтезді өздігінен бастай алмайды.
Элонгация (ұзару кезеңі)
Негізгі синтез жұмысы ДНҚ-полимераза арқылы жүреді. Ол праймерден бастап жаңа тізбекті 5'→3' бағытта құрастырады.
- Жетекші тізбек үздіксіз синтезделеді.
- Кешігуші тізбек үзікті түрде, қысқа Оказаки фрагменттері арқылы түзіледі.
Терминация (аяқталу кезеңі)
РНҚ-праймерлер арнайы ферменттер арқылы алынып тасталады, олардың орны ДНҚ-мен толтырылады. ДНҚ-лигаза Оказаки фрагменттерін бір-бірімен біріктіріп, тұтас тізбек түзеді. Осылайша екі бірдей ДНҚ молекуласы қалыптасады.[2]
- ДНҚ
- Молекулалық-генетикалық процесстер