Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дат тілі (дат. dansk) — даттықтардың тілі, скандинавиялық тілдердің бірі. Негізінен Дания мен Солтүстік Германияда таралған. Сөйлеушілердің жалпы саны — шамамен

Дат тілі

  • Басты бет
  • Дат тілі

Дат тілі (дат. dansk) — даттықтардың тілі, скандинавиялық тілдердің бірі. Негізінен Дания мен Солтүстік Германияда таралған. Сөйлеушілердің жалпы саны — шамамен 5,7 млн адам.

Дат тілі
Өз атауы:

dansk

Елдер:

 Дания,  Гренландия,
 Германия,  Фарер аралдары

Аймақтар:

Дания, Шлезвиг-Гольштейн (Германия);
Бұдан басқа Фарер аралдары мен Гренландияда

Ресми күйі:

 Дания,  Фарер аралдары,  Гренландия,  Еуропа одағы

Реттейтін мекеме:

Дат тілі кеңесі (дат. Dansk Sprognævn)

Сөйлеушілер саны:

6 млн адам (2019)

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Үнді-Еуропа әулеті

Герман тармағы
Скандинавия тобы
Шығыс скандинавиялық топ тармағы
Жазуы:

латын (дат-норвег алфавиті)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

дат 178

ISO 639-1:

da

ISO 639-2:

dan

ISO 639-3:

dan

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Мазмұны

Ресми мәртебе

Дания Корольдігінің ресми тілі; XV—XIX ғғ. басында Норвегияның, XIX ғ.ортасына дейін — Шлезвиг-Гольштейннің ресми тілі болды.

Таралу аймағы және сөйлеушілер саны

Дат тілі келесі елдерде тараған:

  • Дания — барлығы 5 425 420 адам, соның ішінде 461 614 иммигрант, олардың жартысы датша сөйлей алмайды (2005).
  • Гренландия — 6,8 мың (2005, сарап) этникалық даттықтар арасында тараған және көптеген гренландтықтардың екінші тілі болып табылады.
  • Фарер аралдары — фарер тілімен (түгелге жуық ферерлықтар шет тілдей сияқты дат тілін жақсы біледі) қатар ресми аясында қолданылады, бірақ Фарер аралдарында этникалық даттықтардың саны аса көп емес.
  • Германия — Шлезвиг-Гольштейн; жерінде тұратын 50 мың даттықтар үшін ана тілі болып табылады.
Эмигранттар арасында
  • Швеция — статистикалық кеңсенің ақпараты бойынша Швециядағы тұратын 42 602 даттықтар дат тілінде сөйлейді (2005).
  • АҚШ — 2000 жылдың санағы бойынша 33 395 адам датша үйде ғана сөйлейді.
  • Канада — 2001 жылдың санағы бойынша 5295 адам датша үйде ғана сөйлейді.
  • Австралия
  • Аргентина

Диалекттер

«Стандартты» дат тілінде (Rigsdansk) Копенгагенде және жақын жердегі аймақтарда сөйлейді, сонымен қатар, әрбір аралдың өзіндік диалекті бар. Диалекттер 3 топқа бөлінеді:

  • батыс (ютландтық, юттық) — Ютландия түбегі, оңтүстік, батыс және шығыс ютландтық деп бөлінеді;
  • аралдық — Зеландия, Фюн және оңтүстік дат аралдары;
  • шығыс — Борнхольм аралының диалекті;

Әдеби дат тілі зеланд диалекттердің негізінде XVIII ғ. пайда болды.

Жазуы

Латын қарпін қолданатын дат әліпбиінде 29 әріп бар (Норвег тілімен бірдей). Әліппенің ерекшелігі — Ææ, Øø, Åå әріптері. Qq, Ww, Zz әріптері тек шетелдік сөздерде кездеседі.

Әліпби әріптері Әріптердің атауы (ХФӘ)
Аа а'
Bb be'
Cc se'
Dd de'
Ee e'
Ff εf
Gg ge'
Hh hɔ'
Ii i'
Jj jɔð
Kk kʰɔ'
Ll εl
Mm εm
Nn εn
Oo o'
Pp pʰe'
Qq kʰu'
Rr εɹ
Ss εs
Tt tʰe'
Uu u'
Vv ve'
Ww dɔbəldve'
Xx εgs
Yy y'
Zz sεd
Ææ ε'
Øø ø'
Åå ɔ'

Негізгі сөздік

  • "даттық": dansk [d̥ænsg̊]
  • "сәлем": hej [hɑɪ̯]
  • "хош бол": farvel [fɑ:ˈʋɛl]
  • "рақым етіңіз": vær så venlig [ʋɛɐ̯ sʌ ˈʋænli]
  • "рақмет": tak [tˢɑg̊]
  • "бұл": denne [ˈd̥ɛnə]
  • "не?": hvor meget? [ʋɔ:ˀ ˈmɑ:ð̞̩]
  • "иә": ja [jæ]
  • "жоқ": nej [nɑɪ̯]
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Тәжік тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Күнес өзені

  • Сәуір 06, 2026

    Мамай (беклербек)

  • Сәуір 05, 2026

    Пошта маркасы

  • Наурыз 22, 2026

    Дыбыс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары