Денудациялық жазық - тектоникалық қырат жерлерде денудациялық агенттер әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан тегістелген бет.
- Денудациялық процестердің уақытша немесе ұдайы ықпал етуінен пайда болады.
- Денудациялық процестер тектoникалық процестерден уақытша басым болғанда педиплен, ал ұзақ уақыт басымдық жасағанда пенеплен қалыптасады.
- Денудация деңгейі іргетас дөңі болатын дислокацияланған таужыныстардан (Қазақ қатпарлы алқабы) немесе көлбеуге жақын жатысты таужыныстардан (платформалық тыс) пайда болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тұғырлық, ал екіншісінде қабаттық түрлерге бөлінеді.
Санат:
- Геология