| Джозуэ Кардуччи | |
| итал. Giosuè Carducci | |
| Giosuè Carducci (1835-1907) | |
| Туған күні | 27 шілде 1835 |
|---|---|
| Туған жері | Пьетрасанта, Тоскана, Италия |
| Қайтыс болған күні | 16 ақпан 1907 (71 жас) |
| Қайтыс болған жері | Болонья, Италия |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | жазушы, журналист, саясаткер |
| Шығармалардың тілі | |
| Марапаттары | |
| Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы санаты: Джозуэ Кардуччи | |
Джозуэ Кардуччи (1835 жыл 27 шілде, Вальдикастелло, Тоскана - 1907 жыл 16 ақпан, Болонья) - итальян ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Өмірі
Пизеде жоғары мектепті бітіріп, Болонья университетінде итальян әдебиетінен сабақ берді. «Жастық жырлары» (1850-1860) атты бірінші жинағында ұлт-азаттық қозғалысын дәріптеді. «Жеңіл және маңызды нәрсе» (1861-1867), «Ямбылар мен эподтар» (1867-1879), «Жаңа жырлар» (1861-1887), «Ырғақтар мен өлшемдер» (1901) жинақтарында ерлікті, дінді жеңген ой-сананы, жастық пен махаббатты, әсем табиғатты жырлады. Данте Алигьери, Петрарка және Джованни Боккаччо жөніндегі еңбегін, «Ұлт әдебиетінің дамуы туралы» (1868-1871) т.б. зерттеулерін жариялады. 1906 жылы Нобель сыйлығын алды.
- 27 шілдеде туғандар
- 1835 жылы туғандар
- 16 ақпанда қайтыс болғандар
- 1907 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері
- Ақындар
- Жазушылар
- Италия ақындары