Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джон Хьюстон (ағылш. John Huston; 5 тамыз, 1906, Невада, Миссури — 28 тамыз, 1987, Мидлтаун, Род-Айленд, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және актер.

Джон Хьюстон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джон Хьюстон
ағылш. John Huston
Сурет
Джон Хьюстон (1946)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Джон Марцелл Хьюстон

Туған күні

5 тамыз 1906 (1906-08-05)

Туған жері

Невада, Миссури

Қайтыс болған күні

28 тамыз 1987 (1987-08-28)(81 жас)

Қайтыс болған жері

Мидлтаун, Род-Айленд, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

1941 — 1987

Марапаттары

«Оскар» (1949 — екі мәрте)
«Алтын глобус» (1949, 1964, 1986)

IMDb

ID 0001379

Ортаққордағы Джон Хьюстон

Джон Хьюстон (ағылш. John Huston; 5 тамыз, 1906, Невада, Миссури — 28 тамыз, 1987, Мидлтаун, Род-Айленд, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және актер. Режиссер түсірген 37 көркем фильмнің басым бөлігін сценарийлерін жазды, олардың көпшілігі қазіргі кезде классикалық болып саналады. Хьюстонның шығармашылық жолы асқан табысқа толы болды: ол екі мәрте «Оскар» және үш мәрте «Алтын глобус» сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, 1960 жылы Голливудтың «Даңқ аллеясында» оның есімімен жеке жұлдыз орнатылса, 1980 жылы ол BAFTA академиясының ең жоғары мәртебелі мүшелігіне (BAFTA Fellowship) ие болды.

Хьюстонды Голливуд кино әлемінде «дәуір алыбы», «ағысқа қарсы жүзуші» және «әмбебап тұлға» деп атаған. Жиһанкездікті жаны сүйген ол әр жылдары Франция, Мексика және Ирландия елдерінде тұрақтаған. Хьюстон тумысынан АҚШ азаматы болса да, 1964 жылы бұл мәртебеден бас тартып, Ирландия азаматтығын алады. Дегенмен, кейінірек туған жеріне қайта оралып, өмірінің соңғы жылдарын Америка Құрама Штаттарында өткізді.

Актер Уолтер Хьюстонның ұлы, актриса Анжелика Хьюстонның әкесі.

Таңдаулы фильмдері

Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
1941 ф Мальта сұңқары The Maltese Falconрежиссёр, сценарист
1948 ф Сьерра-Мадре қазынасы The Treasure of the Sierra Madreрежиссёр, сценарист
1950 ф Асфальтты джунгли The Asphalt Jungleрежиссёр, сценарист, продюсер
1951 ф Африкалық патшайым The African Queenрежиссёр, сценарист, продюсер
1952 ф Мулен Руж Moulin Rougeрежиссёр, сценарист, продюсер
1956 ф Моби Дик Moby Dickрежиссёр, сценарист
1967 ф Казино «Рояль» Casino Royaleрежиссёр
Жоғары