Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джордж Уолтон Лукас (ағылш. George Walton Lucas; 14 мамыр 1944 жыл, Модесто, Калифорния) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, продюсер, Lucasfilm компаниясыны

Джордж Лукас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джордж Лукас
George Lucas
Сурет
Лукас, 2025 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Джордж Уолтон Лукас

Туған күні

14 мамыр 1944 (1944-05-14)(82 жас)

Туған жері

Модесто, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр, сценарийші, кинопродюсер, оператор, монтажшы, актёр, кәсіпкер

Белсенді жылдары

1965 жылдан бастап

Бағыты

фантастика

Жұбайы
Марсия Лукас
(үйл. 1969; аж. 1983)
Меллоди Хобсон
(үйл. 2013)
IMDb

ID 0000184

Джордж Уолтон Лукас (ағылш. George Walton Lucas; 14 мамыр 1944 жыл, Модесто, Калифорния) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, продюсер, Lucasfilm компаниясының бұрынғы басшысы. «Жұлдызды соғыстар» (ағылш. Star Wars) ғылыми-фантастикалық фильмдер топтамасының, «THX 1138» фантастикалық фильмінің және Индиана Джонс атты кейіпкердің авторы ретінде аты шыққан.

Әлемдегі ең бай режиссёрлардың бірі, жеке басының капиталы 3,9 миллиарда долларға тең (2013 жылдың наурыз айының мәліметі). Лукас Оскар сыйлығына төрт мәрте ұсынылған және XX ғасырлық Жаңа Голливуд қозғалысының аса маңызды өкілі делінеді. Заманауи блокбастер авторы делінетін ол сонда да мансабының көбінде тәуелсіз режиссёр болып қала берді.

Лукас Pixar компаниясын негіздеді де, 1986 жылы Стив Джобсқа $10 миллионға сатып жіберді.

Өз өмірі

Лукастың 3 баласы бар: Кейти, Аманда мен Джетт. Джетт Лукас «Клондар шабуылы» мен «Ситхтер кегі» фильмдерінде камео жасап көрген.

Лукас DreamWorks Animation төрайымы Меллоди Хобсонмен 2006 жылдан бері көрісіп жүрді. Лукас пен Хобсон неке қиғанын 2013 жылғы желтоқсанда жария қылды да, 2013 жылғы 22 маусымда үйленді.

Жоғары