| Джо Гатьенс | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Джозеф Эдуард Гатьенс | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 19 наурыз 1924 | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Порт-о-Пренс, Гаити | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Қайтыс болған күні | 10 шілде 1964 (40 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 178 | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Джозеф Эдуард Гатьенс(ағылш. Joseph Edouard Gaetjens, (Гетченс) немесе [ˈɡeɪdʒɛnz] (Гейдженс); 19 наурыз 1924 жыл, Порт-о-Пренс, Гаити — 10 шілде 1964 жыл, Гаити) — гайтилік және АҚШ-тық футболшы, 1950 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Карьерасы
АҚШ Ұлттық құрамасында
Джоның әкесі гаитилік, анасы неміс.
1947-1950 жылдары "Нью-Йорк Брухэттан" клубында ойнап жүріп, АҚШ футбол құрамасына шақыртылды. 1950 жылы Бразилия өткен екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тұңғыш әлем чемпионатына қатысып, топтық кезеңдегі үш ойынның үшеуінде де алаңға шықты. Екінші турда Англия қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соғып, әлемге әйгілі боп шыға келді.
Толық мақаласы: Англия - АҚШ футбол матчы (1950)
Бәрібір Джо АҚШ азаматтығын ала алмады. Әлем чемпионатынан соң оны қайтадан АҚШ құрамасына ешкім шақырған жоқ.
Гаити Ұлттық құрамасында
1950-53 жылдар Франция клубтарында ойнады.
1953 жылы туған клубы "Этуаль Гаитиенге" қайта оралды.
1954 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Гаити құрамасында ойнауға шақыртылды да, Мексика құрамасымен ойында алаңға шықты. Бұл ойын 1953 жылы 27 желтоқсанда Порт-о-Пренсте өтіп, Гаити 0:4 есебімен ұтылды. Бұдан соң қайтадан ұлттық құрама сапында ойнаған жоқ.
Футболдан кейінгі өмірі және қазасы
1957 жылы "Этуаль Гаитиен" сапында ойнап жүріп футболшылық карьерасын аяқтады.
1955 жылы үйленіп, үш перзент көрді.
Джо Гатьенстің өзі оншалық саясатпен айналыспаса да, туыстары оппозициялық көзқараста еді. 1964 жылы 8 шілдеде Гаитидің президенті Дювале өзін мемлекеттің мәңгілік басшысы деп жариялаған соң Джоның отбасы мемлекеттен кетті. Көп ұзамай Гатьенс тұтқындалды да, артынша (шамамен 10 шілдеде) өлтірілді. Оның мүрдесі еш жерден табылған жоқ.
2005 жылы "Өмірге айналған ойын" атты кино түсіріліп, Джо Гатьенстің рөлін қара нәсілді актер Джимми Джан-Луи сомдады. Бірақ оның келбеті шындығында қара емес, ақ түсті болатын.
Сілтемелер
- 19 наурызда туғандар
- 1924 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Порт-о-Пренсте туғандар
- 10 шілдеде қайтыс болғандар
- 1964 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Гаити футболшылары
- Гаити Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- АҚШ футболшылары
- АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Этуаль Гаитиен ФК ойыншылары