Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Динара Бақтыбаева (1993 жыл, қарашаның 17-сі жұлдызында дүниеге келген, Жаңаөзен қаласы, Қазақстан) — Қазақстанның актрисасы.

Динара Бақтыбаева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Динара Бақтыбаева
Жалпы мағлұмат
Туған күні

17 қараша 1993 (1993-11-17)(32 жас)

Туған жері

Жаңаөзен, Қазақстан

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

2013 – қазіргі уақытқа дейін

Бағыты

драма, комедия

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
IMDb

ID 6904546

Динара Бақтыбаева (1993 жыл, қарашаның 17-сі жұлдызында дүниеге келген, Жаңаөзен қаласы, Қазақстан) — Қазақстанның актрисасы.

Өмірбаяны

1993 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

3 жасында ата-анасымен Атырауға көшіп кетті. Университетке түсу алдында сол жақта тұрып келді.

2015 жылы АЭБУ-дың (Алматы энергетика және байланыс университеті) «Радиотехника, Электроника және Телекоммуникациялар» мамандығын бітірген.

Кинодағы дебюті «Бойжеткен мен жігіт» (2013) фильмінен басталды.

Фильмографиясы

  • 2013 – «Бойжеткен мен жігіт» - бойжеткен
  • 2014-2015 – «Нархоз» - Айсана
  • 2016 – «Зәуре» - Зәуре
  • 2016 – «Супертой немесе қазақша күйеуге шығу» - эпизод
  • 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Динара Назарбаева
  • 2017 – «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» - Салтанат
Жоғары