Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

Дихан Әбілев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Дихан-Баба Әбілев
Туған күні

26 желтоқсан 1907 (1907-12-26)

Туған жері

Мойылдыбұлақ ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы

Қайтыс болған күні

2003 (2003)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Марапаттары
II дәрежелі Отан соғысы орденіЕңбек Қызыл Туы ордені
Халықтар Достығы орденіҚызыл жұлдыз орденіҚұрмет Белгісі ордені
Құрмет Белгісі ордені

Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

Білімі

  • Семей ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
  • Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937) оқыған.
  • Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған.

Өмірбаяны

  • 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған.
  • Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары
  • республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары
  • 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
  • 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы.
  • 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

Шығармашылығы

  • Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған.
  • "Шалқыма" (поэма)
  • "Бармақ" (поэма, 1937)
  • "Қуат" (поэма, 1940)
  • "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940).
  • "Москва түбінде" (1942)
  • "Майданбек" (Өлең-роман, 1943)
  • "Бибінұр" (1949)
  • "Жұлдызды жігіт"
  • "Дала солдаты" (1945)
  • "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары.
  • Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған.

С. Торайғыров өмірінен жазған

    • "Ақын арманы" (1964)
    • "Арман жолында" (1968)
    • "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.

Драматургия жанрында

  • "Қарулас достар" (1948)
  • "Майра" (1954)
  • "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.

Марапаттары

  • Қызыл Жұлдыз ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • "Құрмет Белгісі" ордені
  • көптеген медальдармен
  • Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
  • Қазақстанның халық жазушысы.

Шығармалары

  • Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958;
  • Шығармаларының екі томдығы А., "Жазушы", 1977, 1984
  • Махаббат құдіреті. Роман. А., "Жазушы", 1991;
  • мелодия весны. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1993;
  • Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., "Жазушы", 1997;
  • Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., "Жазушы", 2001.
Жоғары