Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1

Дүкенбай Досжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Дүкенбай Досжан
Туған күні

9 қыркүйек 1942 (1942-09-09)

Туған жері

Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы

Қайтыс болған күні

15 қыркүйек 2013 (2013-09-15)(71 жас)

Қайтыс болған жері

Астана

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

жазушы

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
Сыйлықтары

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Жалпы мәліметтер

  • ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).
  • 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,
  • 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,
  • 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
  • Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.

Шығармашылығы

“Мұхтар жолының” 1988 жылғы басылымы

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.

  • «Отырар» (1965),
  • «Фараби» (1965),
  • «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болса,
  • «Зауал» (1970),
  • «Кісі ақысы» (1978),
  • «Дария» (1975),
  • «Табалдырығыңа табын» (1980),
  • «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.

Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен

  • «Мұхтар жолы» (1983-1987 жылдары жазылған; 1988 жылы «Жазушы» баспасында жарияланған),
  • «Абай айнасы» (1994),
  • «Алыптың азабы» (1997) романдары (құжаттардан құралған Әуезов тағдыры туралы) өз алдына бөлек топтама құрайды.

Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның

  • «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан;
  • Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990),
  • «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996),
  • Он төрт томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (2002-2003, «Білім» баспасы, соңғы томы “Атамұра” баспасында 2004 жылы шықты),
  • Төрт томдық (2008, «Фолиант» баспасы).

Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.

Марапаттары

  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),
  • М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).
  • Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.
  • «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.
  • Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,
  • 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.
  • Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,
  • «Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,
  • «Абай энциклопедиясына»,
  • Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.
Жоғары