| Дәнеш Рақышев | |
| Туған күні | 1926 |
|---|---|
| Туған жері | Талды ауылы, Жаркент уезі, Жетісу губерниясы, Қазақ АКСР, РКФСР |
| Қайтыс болған күні | 1992 |
| Қайтыс болған жері | Мұқыры ауылы, Киров ауданы, Алматы облысы, Қазақстан |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | сазгер |
| Аспаптары | домбыра |
| Марапаттары |
|
Дәнеш Рақышев (1926-1992) - қазақ әншісі әрі сазгер.
Өмірбаяны
Дәнеш Рақышев 1926 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Талды ауылында дүниеге келген. Жас Дәнеш алғашқы музыкалық өнерін әнші, домбырашы, гармонист - әкесі Рақыштан алады. Кейін Дәнештің күйші болып қалыптасуына шешуші рөл атқарған белгілі Әсет ақынның шәкірттерімен тығыз араласады. Д.Рақышев өнерге деген жолын көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады.
- 1944-45 жж. Шығыс Түркістанның жас өнерпаздар тобының құрамында көптеген ауылдарды аралап, өнер көрсетті.
- 1945 жылы Д.Рақышев Құлжа ұйғыр-қазақ драма театрының (ҚХР) актері болып орналасып, Әбдірахман (Б. Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М. Әуезов “Еңлік — Кебек” пен “Қалқаман — Мамыр”), т. б. сахналық бейнелерді сомдады.
- 1946-49 жылдары осы театрда қазақ бөлімшесін басқарды.
- 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды.
- 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды. М. Ержанов, Ж. Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Р. репертуарында: Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Р. “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т. б. әндерін шығарған.
- 1976 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, 1986 жылы Қазақ КСР халық әртісі атағын алды.
Дәнеш Рақышев 1992 жылы қайтыс болған. Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылының зиратында жерленіп, ескерткіш тақта орнатылған.
- 1926 жылы туғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан сазгерлері