| Атырап | |
| Дәулетлі атырабы | |
| түрікм. Döwletli etraby | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | |
| Әкім. орт. | Жейхун |
| Хәкім | Құрбанов Пердемұрат Ашырұлы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 2007 ж. тамыз |
| Таратылған уақыты | 2022 ж. 9 қараша |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Дәулетлі атырабы (түрікм. Döwletli etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятындағы 2007-2022 жылдары болған бұрынғы атырабы. Әкімшілік орталығы — Жейхун кенті.
Тарихы
2007 жылдың тамызында жаңа игерілу аймақтарында — Жалаңқыз және Таллымержен алқаптарында құрылды. 2017 жылдың 25 қарашасында Түркіменстан парламенті таратқан Биік Түрікменбашы атырабының аумағы Дәулетлі атырабының құрамына енді.
2022 жылдың 9 қарашасында Дәулетлі атырабы жойылды. Сонымен бірге, Дәулетлі кенті мен оның әкімшілік бағынуындағы Ашқабад ауылы, сондай-ақ Берқарарлық, Қожақайран, Мирас, Бақташы, Таллымержен, Тазатұрмыс кеңесшіліктері Қожамбаз атырабына; ал Достық қаласы, Әмудария және Керкіші кенттері, Бұрғышы, Дашрабат, Сердар, Түрікменстан, Жалқым кеңесшіліктері Көйтендақ атырабына берілді.
- Лебап уәлаяты атыраптары
- Түрікменстанның таратылған атыраптары