Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дәуіт Асауұлы (1787 ж. Үстірт-1874 ж. Қоныра́т) — Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын ру

Дәуіт Асауұлы

  • Басты бет
  • Дәуіт Асауұлы
 Басқа мағыналар үшін Дәуіт (айрық) деген бетті қараңыз.

Дәуіт Асауұлы (1787 ж. Үстірт-1874 ж. Қоныра́т) — Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқарушысы болған.

19 ғасырдың 40-50-жылдарында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тыюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді талап етті. Қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылығы кейін де жалғасты. Дәуіт Ресей үкіметінің 1867-68 жылы жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды.

Тағы қараңыз

  • Дәуіт ата қорымы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 16, 2026

    Салқынкөл (көл)

  • Шілде 15, 2026

    Сейітжафар Асфендиарұлы

  • Маусым 22, 2026

    Таз руы

  • Сәуір 03, 2026

    Қостанай уезі

  • Маусым 02, 2026

    Маусым жарлығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары