Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ ж

Еділбай қойы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19 ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан тараған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салм. 100 – 120 кг (160 кг-ға дейін), саулығы 65 – 75 кг (115 кг-ға дейін), қозысы енесінен айырғанда 40 – 45 кг тартады. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Семіз ісектің сойыс салм. 40 – 45 кг, құйрық майы 10 – 12 кг. Ет түсімі 50 – 55%. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Қошқарынан 3,5 – 5 кг, саулығынан 2,3 – 2,6 кг, қозысынан 0,6 – 1,0 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 110 – 115 қозы алынады. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Жоғары