Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан – тарих ғылымындағы археологиялық кезеңделуге сәйкес Қазақстан тарихындағы ең алғашқы кезең. Адамзат тарихының ең ұзаққа созылған кез

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

  • Басты бет
  • Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан – тарих ғылымындағы археологиялық кезеңделуге сәйкес Қазақстан тарихындағы ең алғашқы кезең. Адамзат тарихының ең ұзаққа созылған кезеңі. Бұл кезеңделу еңбек құралдарының жасалу материалына және қоғамдық өзгерістерге негізделген.

 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Мазмұны

Ежелгі дәуір кезеңделуі

Тас дәуірі (б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 3 мыңжылдық)

Адамзат тарихының ең ұзаққа созылған кезеңі.

Палеолит (Ежелгі тас дәуірі)

Ерте палеолит (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б. 140 мың жыл)

  • Алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына келуі (Қаратау жотасы, Маңғыстау)

Орта палеолит (Мустье кезеңі) (б.з.б. 140 мың – б.з.б. 40 мың жыл)

  • Неандерталь адамдар өмір сүреді.
  • Отты қолдануды үйрену, алғашқы діни нанымдардың пайда болды.

Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 мың – б.з.б. 12 мың жыл)

  • «Саналы адам» «Homo Sapiens» қалыптасты
  • Рулық қауым пайда болды

Мезолит (Орта тас дәуірі) (б.з.б. 12 мың – б.з.б. 5 мың жыл)

  • Мұз басу дәуірі аяқталды
  • Микролиттердің (ұсақ тас құралдар) шығады
  • Садақ пен жебенің пайда болуы
  • Жануарлар қолға үйретіле басталды және алғашқы егіншілік белгілері

Неолит (Жаңа тас дәуірі) (б.з.б. 5 мың – б.з.б. 3 мың жыл)

  • «Неолиттік төңкеріс». Тұтынушы шаруашылықтан (аңшылық, терімшілік) өндіруші шаруашылыққа (мал шаруашылығы, егіншілік) өту.
  • Кыш құмыралар (керамика) жасау, тоқымашылықтың шығуы.

Энеолит (Мыс-тас дәуірі) (б.з.б. 3000 – 1800 жылдар)

  • Адамзаттың алғашқы металды (мысты) игеруі.
  • Ботай мәдениеті. Жылқыны ең алғаш қолға үйрету кезеңі.

Қола дәуірі (б.з.б. XVIII – VIII ғасырлар)

Металлургияның дамуы және андронов мәдениетінің үстемдігі.

Ерте қола кезеңі (Нұра кезеңі) б.з.б. XVIII – XVI ғғ.

Орта қола кезеңі (Атасу кезеңі) б.з.б. XVI – XII ғғ.

Андронов мәдениетінің гүлденуі

Кейінгі қола кезеңі (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) б.з.б. XII – VIII ғғ.

Көшпелі мал шаруашылығына ауысу процесінің басталуы, ірі тас кесенелердің салынуы.

Ерте темір дәуірі (б.з.б. VIII ғасыр – б.з. VI ғасыр)

Көшпелі өркениеттің қалыптасуы және алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.

Сақ дәуірі (б.з.б. VIII – III ғасырлар)

  • «Аң стилі» өнерінің дамуы.
  • Сақ тайпалық одақтары (тиграхауда, парадарайя, хаумаварга сақтары).

Ғұн-Сармат кезеңі (б.з.б. III ғасыр – б.з. V ғасыр)

  • Ғұндар. Ұлы Даланың бірігуі, Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуы.
  • Үйсіндер (Жетісу). Мемлекеттік құрылымның дамуы (б.з.б. III ғ. – б.з. V ғ.).
  • Қаңлылар (Оңтүстік Қазақстан). Ұлы Жібек жолын бақылау (б.з.б. III ғ. – б.з. V ғ.).
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Эмиссиялық банк

  • Сәуір 04, 2026

    Қызылқұм (шөл)

  • Наурыз 23, 2026

    Нәсіл

  • Сәуір 03, 2026

    Айқұлақ таңбасы

  • Сәуір 02, 2026

    Мау Зыдоң

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары