Елтүзер хан (Эльтузер, Ильтузер; шағат.: ایلتوزار; туған жылы белгісіз – 1806) — 1804–1806 жылдары билік құрған, Хиуа хандығындағы қоңыраттар әулетінен шыққан үшінші билеуші.
| Елтүзер хан | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1804 — 1806 | ||
| Ізашары | Әбілғазы V | |
| Ізбасары | I Мұхаммед Рахым хан | |
| Өмірбаяны | ||
| Дүниеге келуі | Белгісіз Хиуа | |
| Қайтыс болуы | 1806 Хорезм | |
| Әкесі | Аваз инақ | |
| Балалары | Рахманберді би | |
| өңдеу | ||
Өмірбаяны
1804 жылы Хиуа хандығының тағына Аваз инақтың ұлы Елтүзер отырды.
Елтүзер Хорезмдегі қоңыраттар әулетінен шыққан үшінші билеуші болғанымен, тарихта хан титулын ресми түрде қабылдаған алғашқы қоңырат билеуші ретінде қалды. Оған дейін Хорезмде «хан» атағын тек Шыңғыс хан әулетінің өкілдері ғана пайдалана алатын. Әулетінің беделін күшейту мақсатында ол Үргеніштің сейттер әулетінен шыққан Ахта қожаның қызын әйелдікке алды.
Елтүзер ел экономикасын қалпына келтіру саясатын жалғастырды. Оның тұсында салық реформасы жүргізіліп, мемлекеттік алым-салықтарды жинау жүйесі орталықтандырылды. Хорезм аумағында ірі ирригациялық жұмыстар атқарылды.
1804 жылы Елтүзер қазіргі Түрікменстанның оңтүстігі мен Иранның солтүстігіндегі Астрабад өңірін мекендеген жәуміт-түрікмен тайпаларына қарсы сәтті жорық жасады.
Оның билігі кезінде Хиуа хандығы Ресей және Осман империясымен дипломатиялық қатынастарды сақтады.
Елтүзер хан астанасы Хиуаны көркейтуге ерекше көңіл бөліп, қалада бірқатар жаңа құрылыстар салдырды.
Өлімі
1806 жылы Елтүзер хан Бұхара әмірі Хайдарға қарсы сәтсіз жорық жасады. Жорық барысында оның әскері жеңіліске ұшырады. Шегіну кезінде Елтүзер хан Әмудариядан өту барысында суға кетіп, қаза тапты.
Оның қайтыс болуынан кейін Хорезмдегі билік I Мұхаммед Рахым ханға (1806–1825) өтті.
Әдебиет
- Гулямов Я. Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
- История Узбекской ССР. Том 1. Ответственный редактор Я. Г. Гулямов. Ташкент, 1967.
- История Узбекистана. Т.3. Т.,1993.