Ерке Әбдірашқызы Есмахан (30 қараша 1984 жылы Ырғыз ауылы Ақтөбе облысында дүниеге келген) — қазақ эстрадасының танымал әншісі, актриса.
| Ерке Есмахан | |
| Толық аты | Ерке Әбдірашқызы Есмахан |
|---|---|
| Туған күні | 30 қараша 1984 (41 жас) |
| Туған жері | |
| Белсенділік жылдары | 2009 — осы уақыт |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | әнші, актриса |
| Ұжымдары | "Іңкәр" тобы (2009-2015) |
Әкесі – Әбдіраш – қазақ тілі қоғамдастығының басшысы, анасы - Мақпал. Отбасында бес бала: үлкен ағалары – Ерік, Бауыржан, әпкелері – Гүлбағда, Венера. Отбасы мүшелері қызметтің ән саласында (шығармашылық, педагогикалық, т.б.) . Әншінің ата-анасы Әбдіраш пен Мақпалдың 18 немересі мен бір шөбересі бар. Оқушы Еркеге ұстаздары да, достары да ерекше назар аударған. Себебі, ол оқып жүріп-ақ, түрлі шығармашылық конкурстарға қатыса жүріп, орындар алып жүрген.
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан.
Ерке Есмахан Ақтөбе қаласындағы Алтынсарин атындағы мектепте оқып, бесінші сыныптан кейін музыкалық мектепке ауысқан. Сонда ол домбыра, қобыз, фортепианода ойнауды үйренген. Кішкентай кезінен ән айтып, би билегенді ұнататын. Еркеге ата-атасы да барынша қолдау көрсеткен. Коледжді бітірген кезде, арман қуып Алматыға келеді. 2005 жылы Оңтүстік Астанада Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының эстрадалық вокал бөлімінің студенті атанады.
Шығармашылығы
2009 жылдан бастап Баян Мақсатқызы басқаратын “Shine Stars Production” проддюсерлік орталығының жаңа жобасы «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Оның алғашқы жеке әні мен бейнебаяны "Айша бибі" әні еді. Әнші сазды өлеңдерімен көпшілікті тәнті етті. Төреғали Төреәлімен дуэт құрып, "Алло" әнін орындап шығу арқылы танымалдығы арта түсті. Әншінің жеке орындауында "Айша бибі", "Әйел бақыты", "Еркемін", "Бал сезім" және т.б. өлеңдері бар. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің 2017 жылы орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. Мұндай танымалдыққа Ерке өзінің табандылығымен жетті. Бұл пікірді әншінің бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызы да құптайды. Қыркүйек айында «Қайда?» әні EMA (Еуразиялық музыкалық жүлде) «Ғаламтор таңдауы» аталымында жеңіске жеткен болатын. Ерке гастрольде болғандықтан, ұйымдастырушылар оның жүлдесін Баян Мақсатқызына табыстады.
Отбасы және жеке өмірі
Ерке Есмаханның екі ағасы (Ерік және Бауыржан) және екі әпкесі (Гүлбада және Венера) бар. Бауыржан Есмахан Қазақстан Бас мүфти орынбасарларының бірі (наиб-мүфти), ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысының бас имамы болған.
Ерке Есмахан журналист Асхат Садырбайға күйеуге шыққан (продюсер және бір кездері танымал болған "Ширкін, life" реалити-шоуының жүргізушісі), одан Муслим есімді ұлыбар.
2011 жылдың 8 тамызында Есмахан мен Садырбай Алматы қаласы Әуезов ауданының АХАЖ-да некені тіркеп, некені электронды түрде тіркеуге өтініш берді. Осылайша, бұл неке Қазақстанда Интернет арқылы тіркелген алғашқы неке болды. Екі жылдан аз уақыт өткен соң ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. Еркенің бұрынғы күйеуінің айтуынша, некені бұзу туралы шешім бірлесіп қабылданған, ол әйелін баласымен бірге тастамаған және оған уақыт бөлген.
2021 жылдың басында Ерке Есмаханның Ninety тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен жұп болады. Сол жылдың қараша айында әнші олардың жұбы ажырасқанын жариялады. 2022 жылдың желтоқсанында Ерке Есмахан Парижге сапар шегіп, кейін Raim сахналық атымен танымал әнші Райымбек Бақтыгереевпен бірге көзге түседі. 2023 жылдың қаңтарында ерлі-зайыптылар мұсылман әдет-ғұрпы бойынша некеге тұрып, мұны өздерінің әлеуметтік желілерінде растады. Сол жылдың қараша айында Ерке Есмахан Ислам деп атты ұлын өмірге алып келді, ал 2024 жылдың желтоқсанында оның үшінші рет жүкті екендігі белгілі болды. 2025 жылдың 12 маусымында Батыр есімді ұлы дүниеге келді.
Бейнебаяндары
| Жыл | Атауы | Режиссёрі | Сілтеме |
|---|---|---|---|
| 2012 | Айша бибі | — | — |
| 2013 | Асыл арман | Ескендір Нарымбетов | Видео YouTube сайтында |
| 2015 | Бал сезім | — | Видео YouTube сайтында |
| 2015 | Алло (Т.Төреалимен бірге) | — | Видео YouTube сайтында |
| 2017 | Қайда? | Тимур Дулатов | Видео YouTube сайтында |
| 2017 | KZ жігіт | — | Видео YouTube сайтында |
| 2018 | Аэропорт | Ернар Нұрғалиев | Видео YouTube сайтында |
| 2018 | Неге? | — | Видео YouTube сайтында |
| 2019 | 1001 күн | Тимур Дулатов | Видео YouTube сайтында |
| 2021 | Кел, кел | Тимур Дулатов | Видео YouTube сайтында |
Фильмдер тізімі
- 2018 — «Махаббат кафесі» — Мақпал
- 2022 — «Келінжан 4» — Диана, медбике
Сілтемелер
- https://sazalem.com/en/biography/390 16 қыркүйектің 2019 жылы.
- http://juldyz.kz/2017/09/06/erke-esmahan/