| Еркін Таңатқанұлы Мұхамеджанов | |
| |
| Туған күні | 29 қараша 1978 (47 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Мереке кеңшары, Бестамақ бөлімшесі ҚазКСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | «Abai TV» телеарнасы директоры |
| Әкесі | Таңатқан |
| Анасы | Ұлбала |
| Жұбайы | Мөлдір |
| Балалары | Гауһар, Ақбота, Ертөре, Ақерке, Іңкәр |
| Марапаттары мен сыйлықтары | «Еңбек ардагері» төсбелгісі (2018 ж.), ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2022 ж.) |
Еркін Таңатқанұлы Мұхамеджанов (29 қараша 1978 жылы туған, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Мереке кеңшары, Бестамақ бөлімшесі) — Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Abai tv» телеарнасы директоры.
Қызмет жолы
- 2000-2001 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс корреспонденті;
- 2001-2002 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының дикторы;
- 2002-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы;
- 2003-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының редактор-корреспонденті;
- 2003-2005 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі;
- 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның сараптамашы-редакторы;
- 2006-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі;
- 2006-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы;
- 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі;
- 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің арнайы тілшісі;
- 2010-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы;
- 2011-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі;
- 2011-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы;
- 2012-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының шеф-редакторы;
- 2012-2015 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі;
- 2015-2017 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры;
- 2017-2018 жж. «Қазақстан» РТРК» Қостанай облыстық филиалының директоры;
- 2018 - 2022 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА директоры;
- 2022-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары;
- 2023 жылдың шілде айынан «Abai tv» телеарнасының директоры.
Марапаты
- БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Ерекше пікір» аталымында жеңімпаз (2015 ж.);
- «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2018 ж.);
- ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2022 ж.).
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 29 қарашада туғандар
- 1978 жылы туғандар
- Науырзым ауданында туғандар
