Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ертіс шебі – 18 ғасырдың 1-жартысында патшалық Ресейдің қазақ даласын біртіндеп отарлау саясатына орай салған бекіністері. Оның құрамына Ямышев (1715), Омбы (17

Ертіс шебі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ертіс шебі – 18 ғасырдың 1-жартысында патшалық Ресейдің қазақ даласын біртіндеп отарлау саясатына орай салған бекіністері. Оның құрамына Ямышев (1715), Омбы (1716), Железин (1717), Семей (1718), Өскемен (1719-1720), Семияр (1720) бекіністері енді. Шептің жалпы ұзындығы 920 шақырым болды.

Тарихы

Патша үкіметі көздеген мақсаттарын жүзеге асыруды шегаралас аймақтарға бекіністер салу қадамынан бастады. Сiбiр губернаторы М. П. Гагариннің ұсынысымен I Петр Тобылдан Еркетiге (Жаркент) дейiнгi аралықта әскери бекiнiстер шебiн (линия) салуды қолға алды. «1714 жылы орыс үкіметі Бухгольцті Ертіс бойында бірнеше бекініс салуға жіберді (Сібірден Жаркенттің алтын кендеріне байланыс орнату үшін). Ол Жәміш бекетінің маңайында (орыстар, жоңғарлар, бұқарлықтар мен ташкенттіктер арасында айырбас сауда жүретін жер) бекініс салмақшы болды. Алайда жоңғарлар бұл жерде орыстардың орнығуына жол бермеуге тырысты. Бухгольцтің жасағы үлкен болғанына (3000 адам) қарамастан, жоңғарлар оларды қоршап алды және алған беттерінен бас тартып, көп шығынмен Омбыға қарай шегінуге мәжбүр етті. Орыстар тек 5 жыл өткен соң, жоңғарлардың келісімімен Ертіс өзенінің бойына бекіністер (Омбы, Семей, Өскемен) салды».

Киндерман сөзі

Сібір әскерінің қолбасшысы генерал Киндерман 1745 жылы Ресей патшалығына жолдаған рапортында «Бірінен-бірі 15 – 20 шақырымдай жерде тұратын бекіністер мен күзет орындарының тізбегі шепке қаһарлы бейне береді» деп жазған. Алайда 1742 жылы осы «қаһарлы шеп» басшылығы 40 мың жоңғар әскерінің Семияр мен Семей бекіністері аралығынан Сарыарқаға қарай өтуіне жол берген.

Кеңейюі

Ертіс шебі жаңа бекіністер, форпостар салу арқылы кеңейе берді. 1847 – 1854 жылдары Ертіс шебі Семейден Сергиополь (Аягөз) арқылы оңтүстікке – Верный бекінісіне (Алматы) ұласты.

Әдебиет

Бөкейханов Ә. Таңдамалы еңбектері. Алматы, 1995. 50-б.

  1. Бөкейханов Ә. Таңдамалы еңбектері. Алматы, 1995. 50-б.
Жоғары