Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

1994 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар универси

Ершат Оңғаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Оңғар Ершат Ағыбайұлы (орыс. Онгаров Ершат Агыбаевич) – белгілі исламтанушы, ғалым, PhD доктор.

Өмірбаяны

1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.

1994 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын аяқтады.

2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр, 2006 жылы ЕАР Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр оқу бағдарламасын аяқтады.

2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия, мәдени антропология мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.

2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы.

2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi.

2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығында Исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2013 -2019 жылдар аралығында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.

2019-2024 жылдар аралығында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти.

2024 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, Бас мүфти кеңесшісі.

Шығармалары

  • «Мұхтасар тәжуид» (Құран оқу ережелері, қазақ тілінде), Алматы – 2006
  • «Мұхтасар тәжуид» және орыс тілдерінде (Құран оқу ережелері, орыс тілінде), Алматы – 2008
  • «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» (монография). ҚР БҒМ, Алматы баспа үйлері, 2014
  • Құран – мағынасы мен түсініктемелері. «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, Алматы – 2015 (аудармашылардың бірі)
  • «Дін – насихат» Ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құралы. ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Жұма уағызы-ІІ, ҚМДБ, Астана – 2015 (құраст. бірі)
  • Пәтуалар жинағы. ҚМДБ, Астана – 2016 (редактор)
  • Сборник фетв. ҚМДБ, Астана – 2015 (редактор)
  • Жұма уағызы-ІІІ, ҚМДБ, Астана – 2017 (құрастырушы)
  • Жаназа және жерлеу рәсімдері. ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)
  • Дін мен дәстүр-ІІ (Тал бесіктен жер бесікке дейін). ҚМДБ, Астана – 2017 (баспаға дайындаушы)
  • Құран – мағынасы мен түсініктемелері. Алматы – 2019, (аудармашы)
  • Пәтуалар жинағы. Екінші кітап, ҚМДБ, Нұр-Сұлтан – 2019 (редактор)
  • Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп. ҚМДБ, Астана – 2024 (авторларының бірі)
  • Ислам энциклопедиясы: Бірінші том. ҚМДБ. Астана – 2024 (авторларының бірі)
  • Қасиетті құран – мағынасы мен түсініктемелері. Алматы – 2024.
  • Дін, мәдениет, руханиат салаларына арналған 70-ке жуық ғылыми-танымдық мақалалардың авторы

Scopus дерекқорында индекстелетін ғылыми журналдардағы жарияланымдары:

  • Social Networks as a Tool for Islamic Preaching. Shamshadin Kerim , Maxat Kurmanaliyev, and Yershat Ongarov. Journal of Islamic Thought and Civilization (JITC). Vol. 156 no.1.(2025):44-58.
  • Digital Transformation of Islamic Preaching in Kazakhstan: Identifying Famous Online Preachers and Their Influence. Shamshadin Kerim , Maxat Kurmanaliyev, and Yershat Ongarov and Yeleukhan Kaliyeva. Journal of Religious Studies. Vol. 24, No.2(2025): 611-644.

ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдары:

  • Қазақстандағы исламдық білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану: мәселелері мен келешегі. Е.Оңғар, А.Темірбаева, Т.Темірбаев, А.Рыскиева. Хабаршы. Дінтану сериясы. №2(42) 2025:3-11.
Жоғары