Есбол Өмірбаев (1916, Маңғыстау ауданы – 1988) – педагог, өлкетанушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Білімі
- Орал мұғалімдер институтын (1940) бітірген.
- Атырау педагогикалық институтын (1962) бітірген.
Еңбек жолы
- Еңбек жолын 16 жасында 3-Интернационал ұжымшарында балықшы болып бастаған.
- Форт-Шевченко қаласындағы мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарған.
- 1962 – 82 ж. Т.Г. Шевченко мұражайының директоры
- 1982 – 88 ж. Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды.
Шығармашылығы
Маңғыстау тарихы жайында газет-журналдарда 100-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарияланды.
Мақалалары
- «Маңғыстау – Атыраудың замандасы»
- «Революция от-жалынында»
- «Екі халықтың перзенті»
Кітаптары
- «Октябрь арайында»
- «Маңғыстау»
- «Гүлденді өмір».
Марапаттары
«Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды.
Есте қалдыру
Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық музей Өмірбаев атымен аталады.
Санаттар:
- 1916 жылы туғандар
- Маңғыстау ауданында туғандар
- 1988 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан педагогтары
- Қазақстан өлкетанушылары
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері
- Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері
- Атырау мемлекеттік университеті түлектері
- Маңғыстау облысы өлкетанушылары